Вебер: дін - тәуелсіз күш
Макс Вебердің (Max Weber) дін туралы теориясында құрылымдық-
функциялық теорияның және конфликт теориясының элементтері
үйлесім табады. Дюркгейм секілді Вебер де діннің атқаратын қызметі
мен түрлерін зерттеді. Бірақ конфликтология теорияшылары сияқты
Вебер діни және әлеуметтік өзгерістердің байланысына да назар ау-
дарды. Алайда конфликтология теорияшылары әлеуметтік шиеленіс-
тің салдарынан туындайтын діни өзгеріске баса мән берсе, Вебер діни
идеологиядағы өзгерістің әлеуметтік өзгеріс тудыруына ерекше назар
аударды.
Көптеген адамдар үшін дін - дәстүрлер сабақтастығы. Адамдар
ата-аналарынан көргенін қайталайды. Алайда Вебер үшін дін - бел-
п а з дүние жайлы білім іздеу. Бүл тұрғыдан алғанда дін ғылымға
ұқсайды. Ол - айналадағы әлемді түсіндіре алатын әдістің бірі. Сон-
дай-ақ дін берген жауаптар қалыптасқан жағдайға кереғар немесе үй-
лесімді бола алады.
Түпкілікті мағына жайлы сүрақтарға адамдар қайдан жауап таба
ды? Олар харизмалы діни көшбасшыға жиі жүгінеді. Харизма - адамды
өзгелерден даралайтын ерекше түлғалық қасиет. Мұндай ерекше си-
паттамалардың пайда болуы ғажайып құбылыс болғандықтан, хариз
малы көшбасшылар драмалық әлеуметтік өзгерістерге агент бола ала
ды. Харизмалы көшбасшыларға Христос, Мухаммед және кейінгілер
Джозеф Смит (Соңғы күндердің әулиелері), Дэвид Кореш (Давид тар-
магы) жэне Аятолла Хомейни (Иран Исламы) жатады. Мұндай адамдар
дәстүрлі жауаптармен үйлеспейтін жауаптар береді. Осылайша, Вебер
діни мәселелерді қоғамдағы өзгеріс пен тұрақсыздықтың көзі деп қа-
растырады.
Дінге процесс ретінде қарай отырып, Вебер дінге Дюркгеймге қа-
рағанда әлдеқайда белсенді рөл береді. Бұл - Вебердің Протестантты
Реформацияны саралауынан айқын көрінеді.
|