382
13-ТАРАУ
дардың сайлау құқығына ерекше шектеулер қоюды қарастыратын
заңнамаларга байланысты басқа кез келген елге қарағанда бұл елде
дауыс бере алмайтындар деңгейі тым жоғары (Hull, 2005; Manza &
Uggen, 2006). Кейбір штаттарда, мысалы, 20 жасында марихуана сат-
қаны үшін сотталған адам сайлау құқығынан біржолата айырыла-
ды. Тіпті одан кейін мүлде қылмысқа бармай, жақсы жұмысшы, ата-
ана болып, қоғамда азамат ретінде орнын таба алған күннің өзінде
шешім өзгермейді.
Кей адамды қылмыс жасауға кедейлік итермелейтінін атап өт-
кен жөн. Сонымен қатар қылмыстық сот бай қылмыскерлерге қара-
ғанда, кедей қылмыскерлерді жиі жазалайды. Сайлау қүқығынан
айырылатындардың да басым бөлігі - кедейлер. Құқығы тапталып
жатқан кедей адамдардың көптігі сонша - оларға көмектесуді көз-
дейтін саясаткерлерге тіпті оларды іздеудің де қажеті жоқ (Uggen &
Manza, 2002; Hull, 2005; Manza & Uggen, 2006).
Достарыңызбен бөлісу: |