Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет696/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   692   693   694   695   696   697   698   699   ...   870
Капитализм

Капитализм -  көптеген байлық (жер, капитал және  еңбек) жекемен- 

шікте болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік иелерінің 

жеке пайдасы үшін қолданылатын экономикалық жүйе. Капитализм 

нарықтағы  бәсекеге  негізделеді.  Капиталистік  экономикалық  жүйе- 

де әрбір адам қажырлы еңбек етіп, тауар  өндірісінің тиімді әдістерін 

енгізе отырып,  өз табысын арттыруды көздейді.  Бұл жүйе  адамдарды 

табанды еңбек етуге, техникалық инновацияларды және тұтынушы- 

ның сұранысын тудыру мен қанағаттандыру тәсілдерін терең түсіну- 

ге ынталандырады. Өйткені жеке бастың мүддесін ойлаған адамның 

талпынысы да  мықты  болады;  ал  бүл жағдай экономикаға  жаңа  сер- 

пін береді.

Алайда  капиталистік  экономиканың да  кемшіліктері  бар.  Бұл 

кемшіліктер  ресурстарды  бөлісуге  байланысты  туындайды.  Бірін- 

шіден,  капиталистік жүйе  бәсекелестікке негізделгенімен, жұмыс- 

шы және капиталист (салалардың иелері) арасындағы сәйкестік тең 

емес. Жұмысшыларға қарағанда капиталистердің мүмкіндігі бірдей 

емес.  Осының  салдарынан  жұмысшылар  кедей  өмір  сүруі  мүмкін, 

ал  капиталистердің  жағдайы  патшадан  кем  түспейді.  Екіншіден, 

жұмысшылар да, ешқандай жүмыс істемейтіндер (балалар, кәрілер, 

жұмыссыздар)  өмірде жиі ұтылып қалады. Олар басқалардан көмек 

күтуге мәжбүр  болады.  Үшіншіден, көшелер мен саябақтарды абат- 

тандыру  және  сумей  жабдықтаудың  санитарлық  жүйесі  сияқты 

қоғамдық қызмет түрлері мардымды пайда әкелмейтін болғандық- 

тан, мұндай салаларға капиталистер қызыға бермеуі мүмкін. Алай­

да олар болмаса, қоғам да қызмет ете алмайды. Демек, капиталистік 

жүйенің өзінде  қажетті тауарлар  мен  қызметтерді  бөлісудің бірқа- 

тар амалдары болуы тиіс.



Социализм

Капитализмде  өндіріс  бөлістен  жоғары  болса,  социализмде  бөліс  өн- 

дірістен  жоғары  болады.  Социализм  -   қоғам  немесе  үкімет  өндіріс 

құралдарын баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе. 

Күнделікті  өмірде  социализм  мен  коммунизмді  жиі  шатастырады: 

коммунизм -  өндіріс  құралдары  мен  барлық мүлік  мемлекет  менші- 

гінде болатын және әрбір адам еңбек етіп, өз қабілеті мен сұранысына 

қарай жалақы алатын экономикалық жүйе. Карл Маркстің есептеуін- 

ше, коммунизм социализмнен дамып шығады, бірақ заманауи әлемде 

коммунизм қоғамы ешқашан болтан емес.

Теориялық тұрғыдан  социализмнің капитализма қарағанда  бір- 

неше артықшылығы бар. Біріншіден, әлеуметтік ресурстар бай адамдар 

үшін ғана емес, бүтіндей қоғамның игілігіне қолданылуы мүмкін. Мы- 

салы,  социалистік жүйе  корпорациялардың  бас  пайдасы үшін қорша- 

ған ортаны ластауына жол бермей, табиғатты қорғай алады. Дәл  осы-

Капитализм-көптеген байлық 

(жер, капитал және еңбек) жеке 

меншікте болатын, ашық нарықта 

саудаланатын және меншік 

иелерінің жеке пайдасы үшін 

қолданылатын экономикалық 

жүйе.


Социализм - қоғам немесе үкімет 

өндіріс құралдарын (жер, еңбек 

және капитал) баршаның игілігі 

үшін қолданатын экономикалық 

жүйе.

Коммунизм - өндіріс құралдары 



мен барлық мүлік мемлекет 

меншігінде болатын және әрбір 

адам қабілеті мен қажеттілігіне 

қарай жүмыс істеп, еңбекақы 

алатын теориялық экономикалық 

жүйе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   692   693   694   695   696   697   698   699   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет