Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет717/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   713   714   715   716   717   718   719   720   ...   870
Жұмыссыздың және жұмыспен толық 

қамтылмау

Мүлде жүмыссыз  болғаннан -  нашар  болса да, астыртын жүмыстың 

болғаны  жақсы.  2007  жылдың  желтоқсанынан  2010  жылдың  ақпа- 

нына дейінгі  аралықта  АҚШ-та  8,8  миллион  адам  жұмыссыз  қалды 

(Goodman and Mance, 2011). Қазіргі уақытта, үкіметтің бағамдауынша, 

америкалықтардың  9  пайызы, яғни  14  миллионга  жуығы -  жумыс­



сыздар. Жұмыссыздық көбіне жастар (24%) мен афроамерикалықтар 

(16%) арасында өте жоғары.

Федералдық  заң  бойынша  адамның  жүмысы  болмаса,  жүмыс 

істеуге  қабілетті  болғанымен,  соңғы  төрт  апта  бойы  жүмыс  іздеп 

жүрсе  (сүхбаттасуға  барса, түйіндеме жіберсе және т.б.), жұмыссыз 

болып  саналады.  Бұл  анықтама  әдетте  саясаткерлер,  зерттеушілер 

мен  баспашылар жұмыссыздық жайлы  сөз  қозғағанда  қолданыла- 

ды.  Алайда  бұл  анықтамаға  жұмыс  іздеуді  қойғандар,  мемлекет- 

тік  реттеуден  күдерін  үзіп,  торт  аптадан  аса  жүмыс  іздемегендер 

кірмейді.

Жұмыссыздықтың  ресми  анықтамасына  жартылай  жумыссыз­

дар да кірмейді. Жартылай жұмыссыздар -  бүрын толығымен жұмыс 

істеп,  бүдан кейін тек жарты күндік жұмыспен қамтылғандар.  Сон- 

дай-ақ бүрын менеджер немесе ағаш ұстасы болып толық күн жұмыс 

істеген адамдар жұмыс іздеуге мәжбүр болса, жүмыссыз болып сана­

лады.


Жұмыссыздықтың  ресми  көрсеткіші  жұмыс  табудан  күдер  үз- 

гендер мен жарты күн еңбек ететіндерді ескермегендіктен, көпшілік 

бұл көрсеткіш жағдайды шынайы сипаттай алмайды деп есептейді. 

Жұмыссыздарды,  жұмыс  табудан  күдер  үзгендер  мен  жарты  күндік 

жұмыс  істейтіндерді  қосатын  болсақ,  жүмыссыздық  деңгейі  50  па- 

йызға дейін артады да, 25 миллионга жуық америкалықты қамтиды 

(U.S. Bureau of Labor Statistics 2011a; Goodman and Mance, 2011).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   713   714   715   716   717   718   719   720   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет