Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет718/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   714   715   716   717   718   719   720   721   ...   870
САЯСАТ  ЖӘНЕ  ЭКОНОМИКА

393

Жұмысссыздық  пен жарты  күндік жұмыс  режимі  өзара  тығыз 

байланысты. Жұмыссыздық деңгейі төмен болса, жұмыс берушілер 

бос орындарға  адам табуға мүдделі болады. Жұмыссыздар саны көп 

болған жағдайда  жұмыс  орны  үшін үлкен  бәсеке туындайды.  Осы- 

лайша  кейбіреулердің  жартылай  жұмыс  күнін  қанағат  тұтуына 

тура  келеді.  Қазіргі таңда  әрбір  жұмыс  орнына  4,6  адамнан  келеді 

(Shierholz, 2011).



Жұмыстың болашағы

Таяудағы жылдарда америкалықтар үшін жұмыс мәселесі қандай бол- 

мақ? Осы сұраққа жауап беру үшін тұрақсыз жұмыстардың көбеюіне, 

АҚШ  экономикасының  өзгеруіне  және  технологияның,  жаьандану 

мен мемлекеттік саясаттың ықпалына назар аударуымыз керек.

Түрақсыз жүмыстардың көбеюі

Жұмыссыздық  пен  жарты  күндік  жүмысты  талдау  көрсеткендей, 

АҚШ-та тұрақсыз жұмыстар айтарлықтай артқан. Тұрақсыз жұмыс - 

жүмысшыларға  ұзақ  мерзімге  шамалы  ғана  тұрақтылық  ұсынатын 

жұмыс (Kalleberg, 2009). Бұрынғыдай емес, қазір жұмыс берушілер жұ- 

мысшыны  бір  жылға,  болмаса  белгілі  бір  сағаттарға  жалдайды.  Енді 

біреулер суб-келісімшарт арқылы  немесе жеке мердігер ретінде жал- 

данып, корпорациялардың қазірге дейін өз қызметкерлеріне ұсынып 

отырған сыйақы, жәрдемақы не тұрақты жүмысының бірін де алмас- 

тан  еңбек  етеді.  Мысалы,  2011  жылы  Аризона  штатындағы  Мемле- 

кеттік  университет аула  сыпырушыларын түгел  жұмыстан  босатып 

(олардың жәрдемақысына медициналық сақтандыру және отбасы мү- 

шелерін оқыту кіретін), олардың орнына тазалау жұмыстарын ұсына- 

тын  компаниямен  келісім-шарт  жасасты.  Бүрынғы  аула  сыпырушы- 

ларға компаниядағы жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін өтініш 

жазу жөнінде ұсыныс айтты, бірақ жалақысы азырақ және ешбір жәр- 

демақы төленбейтін болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   714   715   716   717   718   719   720   721   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет