Батыстан өзге айм ақтағы
дем ограф иялы қ өзгерістер
Батыстан өзге нашар дамыған елдерде XX ғасырдың алғашқы онжыл-
дығына дейін туу және өлім көрсеткіші индустриалдық қоғамға де-
йінгі деңгейде қалып отырды. Кейінірек Латын Америкасы, Тайвань,
Сингапур және Оңтүстік Корея сияқты елдерде экономикалық даму
мен өмір сүру деңгейінің жақсаруына байланысты дәл Батыстағыдай
туу және өлім көрсеткіштерінің күрт төмендеуіне алып келді.
Ең кедей елдерде жағдай өзгеше болды. Бұл елдерде өлім коэффици
ент! тек XX ғасырдың екінші жартысында, санитарлық ахуал түзеліп,
денсаулық сақтау жетілдірілген (әсіресе балаларға вакцина егіліп, іш
өтуді емдеудің жаңа әдістері қолданыла бастағанда) кезде қысқара баста
ды. Өлім-жітім азайып, туу көрсеткіші тұрақты деңгейде қалғандықтан,
алғашқыда халық саны өсіп отырды. Кейіннен туу көрсеткіші де төмен-
деп, халық санының артуы баяулады. Сонымен қатар Ботсвана, Свази
ленд және Лесото сияқты СПИД аса асқынған елдерде өлім-жітім көбейіп,
халық саны күрт кеміді (UNAIDS/WHO, 2007).
Х а л ы қ ж ә н е ә л е у м е т т і к
қ ұ р ы л ы м : е к і м ы с а л
Бұл тарауда екі елдегі - туу коэффициенті жоғары Гана және туу ко
эффициент! томен Италиядағы әлеуметтік құрылым мен түрғындар
арасындағы заманауи қарым-қатынастар зерттеледі.
14.2-сызбада «халық саны пирамидасы» арқылы екі ел тұрғын-
дарының айырмашылығы суреттеледі. Пирамидада халық саны жас
ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп көрсетілген. Ерлер сол жақта,
ал әйелдер оң жақта.
|