14-ТА РА У
2005 жылғы «Катрина» дауылынан
I кейінЖаңаОрлеанныңбірқатар
аудандарында уйлер қирады. Осының
салдарынан көптеген отбасы Жаңа
Орлеаннан Хьюстонға және басқа
қалаларға көшіп кетті. Бұл процесс ішкі
миграция деп аталады.
төтеп бере алмайтын аймақтарға қарай бағытталды. Флорида, Кали
форния штаттарында және Оңтүстік-батыстың басым бөлігінде ауыз
суға сұраныс артып отыр. Мемлекет су пайдалану жөніндегі заңды-
лықтарды реттей алмаса, осы мәселе төңірегіндегі саяси шиеленіс
өрши тусуі мүмкін. Сумен қамтуға рұқсат алудағы бәсеке ауыл шаруа-
шылығы мен қалалық мүдде арасындағы қарама-қайшылықтарды
арттыруы ықтимал.
АҚШ-тағы туу коэффициенті, өлім көрсеткіштері және мигра
ция халық пен әлеуметтік институттар арасындағы өзара байланыс-
ты анық сипаттайды. Әлеуметтік тап, әйел рөлі, нәсілдік және этни-
калық қатынасгар халық санының өзгеруімен тығыз байланысты.
Халықтың әлеуметтік қарым-қатынас үшін аса маңызды бір ғана қосым-
ша элементі - қауымдастық көлемі. Енді соны қарастыратын мәселе.
Урбанизация
Біздің көптеген әлеуметтік институттарымыз аграрлық қоғамдардан,
яғни түрғындардың басым бөлігі тұрып, жұмыс істейтін ауылдық
жерлерден бастау алады. 1850 жылдың өзінде дүниежүзіндегі халық-
тың небары 2 пайызы ғана 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда өмір
сүрді (Davis, 1973). Бүгінгі уақытта дүниежүзі халқының жартысынан
көбі және АҚШ тұрғындарының 80 пайыздан астамы қалалар мен ас-
таналық аудандарда өмір сүреді. (Артта қалған және дамыған елдерде-
гі халықтың ауысуы 14.4-сызбада көрсетілген). Қалалар қалай дамы-
ды және олар қандай деңгейде?
Достарыңызбен бөлісу: |