Күнделікті қала өмірі
Қала өмірінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Бұл
тарауда қала өмірінің әлеуметтік тораптарға, қала мацы интеграция-
сына және өмір сүру сапасына ықпалын қарастырамыз.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР. Қала өмірінің жеке интеграцияға ықпалы өте
аз. Әлеуметтік торап жөніндегі сауалнамалардың көрсетуі бойынша,
қала тұрғындарының ауыл тұрғындары сияқты жеке байланыстары
көп. Қалалықтар ауыл тұрғындарына қарағанда, туыстарынан гөрі
достарын көп іздейді деген пікір бар. Қала тізімінде тегі, олардың
ата-ана, бала немесе аға-әпке екені сұралмайды. Себебі олар туыста
рынан алшақ деп саналады (Amato, 1993). Алайда қалалықтар жал-
ғыз немесе отбасы мен достарынан оқшауланған деген пікірге нақты
дәлел жоқ.
АУДАН ИНТЕГРАЦИЯСЫ. Эмпирикалық зерттеулер әдетте аймақтың
өте әлсіз топқа жататынын көрсетеді. Қала тұрғындары, мейлі ол қала
орталығынан, мейлі қала маңынан болсын, қалалық өмір іргелес
түратын адамдарды жақсы көру қажеттілігінен босатып, тән жақын-
дығын таңдауға мүмкіндік берді деп санайды.
Мүндай еркіндік ауыл түрғындарында жоқ. Қаланы зерттеу-
шілерде тән жақындығы арадағы қатынастың негізі бола алмайды
деген гіікір қалыптасып келеді (Flanagan, 1993). Адамдар жақын цаты-
насты туыстық, достық және жұмыс топтары негізінде орнатады және
бетпе-бет емес, Facebook, мәтіндік хабарлама немесе шұгыл хабарла-
ма алмасу арқылы байланысып отырады. Қысқаша айтқанда, қала-
лықтардың жақын туыстары бар, бірақ олардың бірге тұруы екіталай.
|