426
14-ТАРАУ
Көп адам қаладағы қарбалас өмірді
үнатады.
Әйтсе де олар қиын жағдайға тап болғанда жақын достарынан, ата-
аналарынан немесе ересек балаларынан көмек сұрайды. Бір ғана Нью-
Йорктің Олбани-Скенектади-Тройдағы көршілік қарым-қатынастарға
жүргізілген зерттеу нәтижесінде барлық қарым-қатынастың 15-25 па-
йызы отбасылық көршілер - бір ауданда тұратын ата-аналар мен ересек
балалар арасында болып шыққан (Logan & Spitze, 1994).
Ал көршілердіц бейтаныс болуы - сирек жағдай, тіпті кейде эмо-
ционалдық жақындықтан көршілік қатынас маңыздырақ болады.
Есік кілттеніп, уйде қамалып қалғанда, бір қасық ванилин керек
болса немесе шығындар қағазына қол қою керек болғанда, әрине, көр-
шілерге сенеміз (Wellman & Wortley, 1990). Алайда көршілерімізге көп
қолқа сала бермейміз және олардың да бізге тым сеніп қалғанын қа-
ламаймыз. Көпшілігіміз көршілер әрдайым жеңіл-желпі көмекке әзір
жақсы адамдар дегі білеміз. Сол себепті аудандар әлеуметтік тапқа
және отбасылық өмір иелеріне бөлінеді. Біз көршілерге сенеміз, өйт-
кені олар - белгілі бір деңгейде өзіміз сияқты адамдар.
ӨМІР САПАСЫ. Үлкен қалаларда өмір қызу қарбаласпен өтеді. Апта-
ның 7 күні, тәулігіие 24 сағат бойы адамдар тірліктің кез келген қа-
рекетін жасай алады. Қала неғұрлым үлкен болған сайын ұсынатын
ойын-сауық түрлері де соғұрлым көп болады: кітапханалар, музейлер,
зообақтар, саябақтар, концерттер және галерея. Қала көлемінің үл-
кендігіне қарай медициналық қызмет, полиция мен өрт қауіпсіздігін
сақтау сапасы да дами түседі. Осы артықшылықтар үшін көпшілік қа-
лада тұруға асық.
Екінші жағынан қарасақ, мұндай қаланың кемшіліктері де бар:
у-шуы көп, ығы-жығы адам, тұргын үй қымбат және қылмыс жиі жа-
салады. Қалалар мен қала маңындағы аудандарға қарағанда, ауыл-ай-
мақта зорлық-зомбылық пен ұсақ қылмыс көрсеткіші айтарлықтай
төмен. Ал шағын қалаларға қарағанда, ірі қалаларда қылмыстық
жағдайлар көбірек (Federal Bureau of Investigation, 2010).
Осындай кемшіліктердің себебінен көп адамдар қаланың өзінде
емес, қала маңында өмір сүруді жөн көреді. Америкалықтардың ба-
сым бөлігі үшін ең қолайлысы - қала маңындағы барлық жағдайы
|