Қурылымдық-функциялық теория:
салыстырмалы депривация
Салыстырмалы депривация
теориясы бойынша әлеуметтік
қозғалыстар адамдардың
сұранысы мен алған марапаттары
арасында аса үлкен айырмашылық
болған жағдайда туындайды.
Кедейлік пен әділетсіздік - жан-жақты құбылыстар. Бұлардың әлеу-
меттік қозғалысқа себеп болуы неге сирек? Салыстырмалы деприва
ция теориясына сәйкес, біз қолдағы барымыздан көбірек нәрсеге ие
болуымыз керек деп санаған кезде әсіресе ол әділетсіз әрекеттердің
нәтижесінде болды деген ойға келгенде, қоғамдық қозғалыс туын
дайды (Walker & Smith, 2002). Біздің не күтетініміз басқалармен са-
лыстыру арқылы немесе өткенмен салыстыру арқылы анықталады.
Өйткені теория абсолютті депривацияға емес, басқа жағдайларға не
месе уақытқа байланысты айырылғандарымызды қарастырады, сол
себепті де бүл теория салыстырмалы депривация деп аталады.
15.1-сызбада әлеуметтік қозғалысты өршітетін салыстырмалы де-
привацияның үшжағдайы көрсетілген. «А» жағдайында салық немесе
кедейлік барлық адамның өмір сүру деңгейін (немесе марапаттарын)
кенеттен төмендетеді. Егер адамдар сұраныс деңгейін төмендетпесе
өздерінің әлденеден айырылып қалуына наразылық білдіреді. «В»
және «С» жағдайында өмір сүру жағдайы жақсарады, бірақ халықтың
сұранысы да сонымен бірге өседі. Яғни адамдардың өздері тұрмыста-
рын томен деп ойлайды. Салыстырмалы депривация теориясы өмір
сүру жағдайы не жақсарғанда (С жағдайы), не бұрынғыдан анағұрлым
жақсырақ болган кезде (В жағдайы) пайда болатын әлеуметтік қозға-
лыстарды түсіндіре алады.
|