Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Қозғалыстар неге сәтті н ем есе сәтсіз



Pdf көрінісі
бет797/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   793   794   795   796   797   798   799   800   ...   870
Қозғалыстар неге сәтті н ем есе сәтсіз 

аяқталады ?

Неге кейбір қозғалыстар мақсатына жетіп жатса, басқалары жарты жол- 

да жоқ болып кетеді? Тарихи шолу жасасақ, әлеуметтік қозғалысқа баста- 

ма көтерген 53 үйым (ҚҚҰ) болған. Әлеуметтанушы Уильям Гамсонның 

анықтауынша,  әлеуметтік  қоғалыстың  төрт  нәтижесі  болады.  Толық- 

тай жеңетін қозгалыс -  барлық мақсатына жеткен, кейін заңды, беделді 

үйым деп қабылданатын қозғалыс. Мысалы, Африка үлттық конгресс! он- 

даған жылдар бойы  Оңтүстік Африка  Республикасындағы нәсілдік сая- 

сатқа қарсы астыртын әрекеттер жүргізді. Ақыры, ол 1994 жылы билікке 

келіп, Оңтүстік Африкадағы қара нәсілді халықтың жағдайын жақсарт- 

ты. Алайда басқа ӘҚҰ осылай жетістікке жете алмады. Кейбір ӘҚ¥ ойлары 

мен идеологиясын қоғам қолдаганымен, жабулы күйінде қала ды. Олар өз- 

дері мақсат еткен әлеуметтік өзгерісті енгізе алмайды. Енді бір ӘҚҰ билік 

басындағылар мақсаты мен бағдарламаларын қабылдап, бірақ ұйым мен 

оның идеологиясына жала жабуын жалғастыра берген кезде құқыққа ие 

болады. Көптеген саясаткерлер бүгінде бірдей еңбек үшін бірдей жалақы 

берілуін қолдайды, бірақ қоғамның назарын өзіне аударатын феминис- 

терді мойындамайды. Алайда өзге ӘҚ¥-ның қоғамға ықпалы аз. 15.2-кес- 

теде Гамсон ұсынған қозғалыстың төрт түрлі нәтижесі көрсетілген.

АҚШ  және  дүниежүзі  бойынша  қозғалыстарды  эмпирикалық 

зерттеудің  нәтижесі  бойынша,  қозғалыстың  сәтті  болуына  бірнеше 

фактор эсер етеді. Қозғалыстар, егер олар түрлі ұйымдардан құралса; 

алуан  әдісті  пайдалана  отырып,  жеткілікті  ресурс  жинай  алса; 

егер  олардың  мақсаты  мен  идеологиясы  қатысушылардың  қызы- 

ғушылығын тудырып, ұстап қала алатын әдіспен жасалса -  сәтті бо­

лып шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   793   794   795   796   797   798   799   800   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет