Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Қурылымдық-функциялық теория: технология және



Pdf көрінісі
бет808/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   804   805   806   807   808   809   810   811   ...   870
Қурылымдық-функциялық теория: технология және 

эволюциялық әлеуметтік өзгерістер

Құрылымдық-функциялық  теория,  ең  алдымен,  әлеуметтік  құры- 

лымның ұйымдасңан тәсілмен  бір  қалыпта  сақталуын  зерттейді.  Бі- 

рақ қоғам  мен  мәдениеттің  өзгеруін  де  назардан  тыс  қалдырмайды. 

1-тарауда  айтылғандай,  құрылымдық-функциялық  теория  бойынша 

өзгеріс эволюция арқылы жүзеге асады: әлеуметтік құрылымдар жаңа 

сұраныстар  мен талаптарға  кезең-кезеңімен  бейімделеді,  ал ескірген 

үлгілер, ойлар және құндылықтар біртіндеп жойылады. Осындай эво- 

люцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар технология- 

лық жетістіктер болып саналады.

Өзгерістер  эволюциялық  жолмен  жүргенімен  әрдайым  біркелкі 

болмайды.  Оның себебі -  мәдениеттің бір тұсындағы өзгеріс  басқала- 

рына эсер етеді. Құрылымдық функцияшылдар мәдениеттердің мұн- 

дай өзгерістерге бейім келетінін, бірақ бейімделу белгілі бір уақытты 

қажет ететінін айтады. Соның салдарынан қоғамдар «мәдени кешігу- 

ді»  сезінеді. Бұл ретте мәдениеттің кейбір салалары  өзге салалардағы 

өзгерістерден  кейіндеп  қалады.  Мысалы,  1870 жылы  фабрикалардың 

көбеюі  өндірістік  апаттарды  көбейтті.  Бірақ  жүмысшылардың  өн- 

дірістік  жарақатына  өтемақы  төлеу туралы  заңнамалар  1920  жылға 

дейін қабылданбады. Яғни 50 жылға жуық мәдени кешігу байқалды. 

Мәдени  кешігу  -   әлеуметтік  құрылым  жаңа  технологияларға  бейім- 

деліп жатқан кезде болатын уақытша кезең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   804   805   806   807   808   809   810   811   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет