Конфликт теориясы: технология, билік және
әлеуметтік өзгеріс
Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік өзгерістерді ретті және
жалпылай келісім деп қарастырса, конфликтология теорияшылары
өзгерісті жаңа технологияларды қоса алғанда бәсекелес топтардың
күресінің нәтижесі деп санайды. Сонымен бірге конфликтология тео
рияшылары қолында мол билігі бар адамдар технологиялық және
әлеуметтік өзгерістерді өз мүддесіне бағыттайды деп түжырымдайды.
Қақтығыс және құлдырау сипаты бар процесте әлеуметтік қүрылым
өзгереді. Өйткені ықпалды топтар өзгеріс үшін немесе қалыптасқан
жағдайды сақтау үшін әрекет етеді.
Торстейн Вебленнің (Thorstein Veblen, 1919) айтуынша, қалыптас-
қан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін
салады. Заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға
немесе өзгертуге тырысады. Әлеуметтік өзгерістен залал көрген топ
тар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді. Ал өзгеріс-
Заңды мүдделілер - қалыптасқан
жағдайды өзгертуге немесе
сақтауға тырысады.
|