Ақпараттық технологиялар
1970 жылғы колледж студентін мысалға алайық, оған ата-аналардың
ажырасуының салдары жайлы курс жұмысын жазу керек. Ол кітапха-
наға барып мерзімді басылымдар бөлімін қарайды. Онда «Неке және
отбасы» журналын табады. Оның нөмірлерін қарай отырып көңілінен
шыққан 5 мақаланы іріктеп алады (мұғалімнің талабы бойынша 5
мақала қарау керек). Оларды 3-5 дюймдік карточкаларға жазып алады
(фотокопия машиналары жоқ) да үйіне қайтады. Баяндама жазу үшін
электрлі басу машинасынан қағаз лентаға жазбаларын басып шығара-
ды. Оны қиып, қағазға жапсырады. Қателерін сөздікпен салыстырып
тексереді. Бәрі дұрыс болган соң гана соңғы нұсқасын әзірлейді. Сосын
көшірмесін түсіреді. Егер қате жасап қойған болса оны ұқыпты түрде
өшіріп, білдіртпей жөндеуге тырысады.
Енді қазіргі студенттің жағдайын қарайық. Бұл студент әлеумет-
тану бойынша 100 мың мақала жинақталған «Әлеуметтік рефераттар»
атты онлайн библиографияға кіреді. Ол «ажырасу» және «ата-аналар»
деген кілттік сөздерді енгізген кезде бағдарлама 41 мақала тауып бе-
реді. Өзі таңдап алған мақалаларды жүктеген соң ноутбугінде баян-
дамасын әзірлей бастайды. Оны қалауынша өңдейді. Орфографиясын
компьютер автоматты түрде тексереді және сөздерді өңдеу үшін он-
|