2023/2024 ХБК (ҚазБСҚА) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Н.Р. Мұсабеков
«Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС
БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРМЕ МАТЕРИАЛ
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
ҚТИМФ
5 кредит
1 семестр, 2023 - 2024 оқу жылы
№ 6 практикалық сабақ.
Microsoft 365 қызметімен жұмыс істеу:
Excel бағдарламасында
сандық ақпаратты өңдеу,
формулаларды
өңдеу және диаграммалар жасау.
Н.Р. Мұсабеков
,
ассистен-профессор
Жұмыстың мақсаты:
сандық ақпаратты өңдеу, формулаларды өңдеу және диаграммалар жасау үшін
Microsoft 365-тегі Excel бағдарламасымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
Теориялық ақпарат
Microsoft Excel
— әр түрлі деректер түрлерін
тиімді есептеуге,
ұйымдастыруға,
талдауға және
графикалық түрде көрсетуге мүмкіндік беретін деректер кестелерімен жұмыс
істеуге арналған қуатты
бағдарламалық құрал.
Excel бағдарламасында жасалған құжат жұмыс кітабы деп аталады. Ол кестедегі жұмыс парақтарынан
тұрады. Жаңа жұмыс кітабының парақтарында
стандартты атаулар бар
: Лист 1
,
Лист 2
және т.б.
Электрондық кестенің жұмыс кеңістігі
жолдар мен бағандардан тұрады. Жолдардың ең көп саны -
1048576, ал бағандардың ең көп саны - 16384. Жол мен бағанның әрбір қиылысуы деректерді (мәтін, сан
немесе формулалар) енгізуге болатын ұяшықты қалыптастырады.
Жол нөмірі
электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол жұмыс өрісінің сол жақ жиегінде 1,2,3 және
т.б. сандармен белгіленеді.
Баған әрпі
электрондық кестедегі бағанды анықтайды. Әріптер Жұмыс аймағының жоғарғы жағында
орналасқан. Бағандар мынадай тәртіппен нөмірленеді: А... Z, сосын AA...AZ, сосын BA...BZ және т.б.
Ұяшық
деректерден тұратын кестенің негізгі элементі болып табылады. Әрбір ұяшықта баған әрпі мен
жол нөмірінен тұратын бірегей мекенжай болады. Мысалы, ОТ мекенжайы В бағаны мен 3-жолдың
қиылысындағы ұяшықты анықтайды.