Конфликт теориясының негізіндегі
болжамдар
Конфликт теориясы Маркс идеяларынантуындайды. Қазіргі конфликт
теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:
1.
Бәсеке. Жеткіліксіз ресурстарға (ақша, бос уақыт, жыныстық қатынас-
тағы әріптестер және т.б.) қол жеткізу жолындағы бәсеке барлық әлеу-
меттік қатынастың негізі болып саналады. Адамдар арасындағы қа-
рым-қатынас табиғатына консенсустан гөрі бәсеке жақынырақ тұрады.
2. Құрылымдық теңсіздік. Әлеуметтік құрылымдардың барлығын-
да билікті және сый-қүрметті бөлісуде теңсіздік бар. Кез келген
нақты құрылымның шапағатын көрген адамдар мен топтар осы
теңсіздікті сақтап қалуға тырысады.
3. Әлеуметтік өзгеріс. Өзгеріс - бейімделудің емес, бәсекелес мүдде-
лер арасындағы шиеленістің нәтижесі. Бұл эволюциялық емес,
көбіне кенеттен немесе революциялық жолмен келеді, оның үсті-
не, зиянына қарағанда пайдасы көбірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |