Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Құрылымдық-функциялықтеорияны қолдану



Pdf көрінісі
бет90/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   870
Құрылымдық-функциялықтеорияны қолдану

Құрылымдық-функциялық  теорияны  қолданатын  әлеуметтанушылар 

әлеуметтік  құрылымдардың  табиғатын  және  салдарын  зерттеумен  шұ- 

ғылданады.  Құрылымдық-функциялық  теория  ғалымдары  әлеуметтік 

құрылымдардың жағымды (пайдалы) нәтижелерін функция ретінде, ал 

әлеуметтік  қүрылымдардың  теріс  (зиянды)  салдарын  дисфункция  ре- 

тінде сипаттайды. Олар сондай-ақ айқын (танылған және жоспарлашан) 

салдарлар мен астыртын (кейін дамитын және жоспарланбаған) салдар- 

лар арасындағы айырмашылықтарды қарастырады. Маңызы зор болған- 

дықтан құрылымдық-функциялық теория ұғымдарын басқа көзқараста- 

ғы әлеуметтанушылар да қолданады.

Мысалы, жоғары сынып оқушыларының сауық кешін алайық. Мек- 

теп бітіру кештері мектеп рухын қалыптастыру және оқушылар арасын- 

да әлеуметтік байланыстарды нығайту сияқты бірнеше айқын функция- 

ларды  атқаруға  арналған.  Олар  сондай-ақ  кейде  оқушылардың  өзіне 

беймәлім  астыртын  функцияларды  ашуына  себепші  болады.  Мысалы, 

осы кешті ұйымдастыру барысында бірігіп жүмыс істеп, тіпті бір-біріне 

шағымданудың өзі мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүм- 

кіндік береді. Бітіру кештері айқын және астыртын дисфункцияларды да 

атқарады. Көпшілік байқай алатын айқын дисфункцияныц бірі -  мектеп 

бітіру кештері оқушылар арасында экономикалық жіктерді көрсетіп бе- 

ретіндігі. Мысалы, жаңа киім сатып ала алмайтын оқушылар ұялғаннан 

келмей  қалуы  мүмкін.  Астыртын  дисфункция -  студенттердің кейбірі 

үялудың орнына ашу-ызасы қозып, соның салдарынан вандализмге бар- 

уы ықтимал (1.1-кесте).

Бұл мысалға орай байқайтынымыз -  қоғамды сақтауіа үлес қоса- 

тын  әлеуметтік  құрылым  кейбір  топтарға  басқалардан  артық  пайда 

әкелуі мүмкін. Үлгі функционалды бола  алады яғни ол статус-квоны 

сақтауға  көмектеседі,  бірақ  ол қалаулы  немесе  әділ  болмайды.  Алай- 

да  құрылымдық  функцияшылдар,  тұтастай  алғанда,  әлеуметтік 

қүрылымдардың  бірқалыпты  жұмыс  істейтін  қоғамды  қүру  үшін 

қызмет ететінін атап көрсетеді.

Қүрылымдық-функциялық  талдау  әлеуметтік  құрылымдардың 

жоспарланған  және  жоспарланбаған  қарекетінің  салдарын  қарасты- 

рады.  Сондай-ақ  салдардың  оң  (функциялық)  немесе  теріс  (дисфунк- 

циялы) екендігін бағалайды. Нәтижені оң деп бағалайтын моральдық 

өлшем  жоқ;  бұл  нәтиже  тек  қоғамның тұрақтылығына  ықпал  етеді 

дегенді білдіреді.

1.1-КЕСТЕ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет