Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет98/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   870
1-ТАРАУ

Ауыспалы объективтер

Символдық  интеракционизм  теориясы  да,  конфликт  теориясы  да, 

құрылымдық-функциялық теория да  жеке-дара  әрекет  ете  алмайды. 

Әрқайсысы  қоғамдық  өмірдің  белгілі  бір  қырын  айқындау  үшін  қо- 

лайлы.  Мұны әйелдер арасындағы жезөкшелік туралы мына бір әлеу- 

метганулық зерттеуден байқаймыз.



Қүрылымдық-функциялық теория: 

жезөкшел іктің функциялары

Құрылымдық  функцияшылдар  жезөкшелікті  талдағанда,  көбінесе 

оның әлеуметтік құрылымын зерттейді әрі жеңгетай, жезөкше, тұтыну- 

шы  арасындағы  қарым-қатынастың  үлгілерін  анықтайды.  Мұнан  соң 

осы әлеуметтік құрылымныц салдарын қарастырады. 1961 жылы жарық 

көрген әйгілі мақаласында Кэсли Дэвис жезөкшелік мынадай функция- 

ларды атқаратынын айтты:

• 

некеге тұруға  шамасы  жетпейтін  кедей  я  мүгедек жандарға 



төсек ләззатын сыйлайды;

• 

үйінен алыс жүрген кәсіпкерлердің, матростардың және басқа- 



лардың жыныстық мүқтажын өтейді;

• 

ерекше  жыныстық  талғамы  бар  адамдардың  қажетін  қана- 



ғаттандырады.

Жезөкшеліктің негізгі мақсаты мен функциясы да осы қызмет түрле- 

рін үсыну. Дэвистің айтуынша, бұл қызметтерді ұсыну арқылы жезөкше- 

лік ерлі-зайыптылардың некелерін қорғап, астыртын функция атқарады, 

белгілі  бір  себептермен  әйелдерінен  қанағатганбайтын  ер  адамдарға 

көмектеседі. Жезөкшелік -  абыройлы  қарым-қатынасты  (соның  ішінде, 

бала  көтеру мен  оны  өсіруді)  некенің аясында  шектегенімен, адамиың 

сыртта жыныстық тоят алуына мүмкіндік беретін қызмет түрі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет