Бағдарламасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды»



бет7/9
Дата11.09.2023
өлшемі4,28 Mb.
#106871
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
edebec4c3f20df6e5f151bd4d5e073fd original.4484992

Ғылым және оның басымдықтары
2011 жылы ақпанда «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданды. Заңда жаңа құрылған ғылыми-зерттеу институттары қызметінің қағидалары, ғылыми зерттеулер мен қаржыландырудың тетіктері айқындалған. Жаңа заңда ғылыми еңбектің нәтижесін коммерциялауға, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық ынталандыруға көп көңіл бөлінді.
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым/ Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақтардың этникалық-аумақтық бірлестіктері – жүздердің қалыптасуына әсер еткен факторларды талдаңыз.


Жүздер туралы
«Жүз» туралы сөз болғанда тағы бiр еске алар жағдай – ол мемлекеттiк қызметтi де орындаған. Жүз iшiнде дау-дамай, көшi-қон жолдары, рулар арасындағы қарым-қатынас аймақтық дәрежеде шешiлген. Жүзаралық – жер, қоныс, ел қорғау, қазақ жерiнiң тұтастығы, әскери жасақ, ортақ қолбасшы, хандар сайлауы және т.б. ел, халық дәрежесiндегi келiсiлiп отырған. Сонымен бiрге үш жүз көршi мемлекеттермен қарым-қатынасты бiрiгiп, ұлттық биiктiктен барлай шешкен.
Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. А., 2000


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, сақтардың әлемдік тарихи үдерістерге тигізген ықпалын талдаңыз.


Алтын киімді ерте көшпелілер
Сақ-скиф заманы – адамзат баласы үшін өте маңызды кезең. Б.з.д. VIII-VII ғасырларға дейін әлемнің қай өлкесі болмасын, өз бетінше бейтарап дамып келсе, осы уақыттан бастап күрт өзгерістер басталғанын сезінеміз. Сондықтан ол дәуірді «кіндік уақыт» деп те атайды. Осы әлемдік жарысқа Еуразия ішкі өлкесін мекендеген сақ-скиф тайпалары елеулі үлес қосты. Олар Батыс пен Шығысты бір-бірімен араластырып, өркениет жетістіктерін үйлестіріп отырды. Көшпелілер Еуразиялық деңгейде рухани салт-дәстүрдің, дүниетанымның қалыптасуына тікелей ықпал етті. Мемлекет аталатын құбылыстың өзі де ол заманда көшпелілердің отырықшы елді бағындырып, басқару жүйесін жасауымен тығыз байланысты еді.
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. –
Астана: «Фолиант», 2003


Мақала үзіндісі мен тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына тигізген әсерін талдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет