Бағдарламасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды»


XX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениеті



бет5/9
Дата11.09.2023
өлшемі4,28 Mb.
#106871
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
edebec4c3f20df6e5f151bd4d5e073fd original.4484992

XX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениеті
... Рухани мәдениет саласында түбегейлі жаңғыру көрініс тапты. Зайырлы мектеп қалыптасты, жалпыға бірдей бастауыш білім беру жүйесі енгізілді, қазақ техникумдары мен жоғары оқу орындары пайда болды. Шығармашылық зиялы қауым заманауи өнер жанрлары мен түрлерін жасады. Дінге қарсы күрес жүрді және атеистік насихат жағдайларында исламның қоғамның рухани өміріне ықпалы әлсіреді. 30-жылдары ақын-жазушылар мен суртешілерді қатаң бақылауға алынды. Зиялы қауымның ең жарқын өкілдері қуғын-сүргінге ұшырады.
З.А. Джандосова. Қазақстан тарихы, 10 сынып


Берілген дереккөзді және тарихи біліміңізді пайдаланып, ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақ КСР Ғылым академиясының ғылымды дамытудағы рөлін түсіндіріңіз.


ҚазКСР Ғылым академиясы бөлімдерінің 1946–1956 жылдардағы ғылыми қызметі
Ғылым академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы, мәдениетінің, табиғи ресурстарының зерттелуіне жол ашты. ҒА-ның құрамына минералды ресурстар, физика-математикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар бөлімдері енді. 1956 жылы Қ.И. Сәтбаевтың басшылығымен Орталық Қазақстанның металлогенді картасы құрастырылды. 1946 жылы Тау-кен институтының негізі қаланды. Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланды. Ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Республикадағы барлық энергетикалық ресурстардың зерттелуі Энергетика институты жұмысының басты бағыты болды. «Халық шаруашылығын дұрыс электрлендіру» деген сұраққа басты назар аударылды.
1945 жылы құрылған Химиялық ғылымдар институты республикадағы минералды ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт өнеркәсіптегі мұнай және химия қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды.
https://e-history.kz/kz/news/show/2768 сайтынан алынған


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы 1990 жылдары күрделі нарықтық өзгерістерді басынан кеше отыра, экономикалық дербестікке ие болды, әлемдік және аймақтық үдерістердің белсенді қатысушысы атанды. 2000 жылдары дағдарысқа дейінгі кезеңде оның дамуының оң факторлары байқала бастады: ІЖӨ өсімі, төмен деңгейдегі инфляция, тұрақты банк жүйесі, дамыған инфрақұрылым, инвестиция мен өмір сүру деңгейінің өсуі. Бұның бәрі оң тәжірибе мен туындаған мәселелерді шешуге ықпал етті.
Қазіргі экономикалық шындықтар мынадай, экономика саласындағы мемлекеттің интенсивті қызметі нарықтық реформалар мен жекешелендіруді жүргізу үшін емес, ғаламдық экономикалық және қаржы дағдарысының салдары жағдайында ұлттық экономиканы күшейтуге бағытталып отыр. Екіншіден, дағдарыстан кейінгі экономикалық дамуға тиімді жағдайлардың барлығы дерлік қалыптасқан.
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым/ Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Алтын Орда мемлекетінің сыртқы саясатын талдау арқылы Еуразия кеңістігіндегі геосаяси белсенділігіне баға беріңіз.
«Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында моңғолдар орыс елінің көп жерін басып алды (1236-1241 жж.). Польшаны, Венгрияны, Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды.
...Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы өркендеді, әртүрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды».
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап. – Алматы: «Білім», 2005


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпелілер империясы – Ғұндар мемлекетінің әлемдік тарихи процестерге тигізген әсерін талдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет