Тапсырма 1 Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін зерттей отырып, кестені толтырыңыз



бет1/2
Дата01.11.2023
өлшемі21,14 Kb.
#121329
  1   2

Баудинова Нәзипа Батырбекқызы
МНО-23-115(2)-10
Тапсырма 1
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін зерттей отырып, кестені толтырыңыз

Ұғым

Мазмұны (ұғым мағынасы, қолданылу аясы, ерекшеліктері)

«Мэйнстриминг (mainstreaming)»

Мэйнстриминг (ағылш. mainstream, яғни теңестіру, жалпы үлгіге келтіру) – шетел әдебиетінде қолданылатын ұғым, мүмкіндігі шектеулі студенттер өздерінің әлеуметтік байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік беретін әртүрлі демалыс бағдарламалары аясында құрдастарымен қарымқатынас жасау стратегиясын білдіреді. Мұнда, әдетте, ешқандай білім беру мақсаттары қойылмайды. Зерттеушілердің пікірінше, бірлестіктің көрсетілген нысандарының негізгі кемшіліктері (интеграция, мэйнстриминг) білім беру ортасының мүгедектердің қажеттіліктеріне бейімделмеуі болып табылады.

«Интеграция (integration)»

(лат. Integration – толықтыру) – әр текті өзара әрекеттенуші элементтерді әлеуметтік қауымдастыққа, бүтінге, жүйеге біріктіретін үдерістердің жиынтығы; қоғамның, әлеуметтік топтардың қатынасындағы белгілі бір тұрақтылық пен тепе-теңдікті қолдау түрі; әлеуметтік жүйенің немесе оның бөліктерінің бұзушы факторларға қарсы тұруы; ішкі және сыртқы шиырығудан, қиындықтардан, қарама-қайшылықтан өзін-өзі қорғау.

«Инклюзия (inclusion)»

Барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет