Бағдарламасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды»



бет4/9
Дата17.10.2023
өлшемі2,04 Mb.
#116848
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Атқа міну мәдениеті
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі...
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті.
https://e-history.kz/ru/projects/show/23300 сайтынан алынған


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, «Зар заман» ақындарының қоғамдық-саяси идеяларын түсіндіріңіз.
Зар заман ағымы – қазақ қоғамдық ойы, әдебиеті тарихындағы күрделі бір кезең. Ұлт мүддесінің жоқтаушысы болған «Зар заман» ағымының ақындары өлең толғауларында біріншіден, кең байтақ қазақ даласын экономикалық және идеологиялық жағынан толық меңгеру үшін неше түрлі шара амалдарды жүргізген отарлау саясатын әшкерелеп, соны халықтың санасына жеткізіп, қоғамдық ой дәрежесіне көтеруге ұмтылды.
«Жер тағдыры – ел тағдыры» екендігін жете пайымдаған ақын-жыраулар қоныстандыру саясатының зардаптары, нәтижелері тек халықты күйзеліс пен кедейшілікке ғана емес, сонымен бірге жерінің тозып, халықтың ішкі рухани тірегі болған тілі мен діні, әдет-ғұрып, салт-санасы, «аяқ асты» болатындығын өз шығармаларында дер кезінде көтерді.
Иманбаева С.С., профессор, ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(173). 2019


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Алтын Орда мемлекетінің Еуразия кеңістігіндегі саяси-экономикалық үдерістерге ықпалын түсіндіріңіз.
«Өзбек ханның тұсында Алтын Орда орта ғасырлық аса ірі мемлекеттердің біріне айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы билік тізгінін өз қолына берік ұстап, бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз басып тастап отырды. Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарындағы ханзадалар, оның ішінде Көк Орданың билеушілері де Өзбек ханның талаптарын екі айтқызбай орындап жүрді. Оның қолында 300 мыңға дейін жауынгер болды. ХIV ғасырдың 20-жылдарында Алтын Орданың Литваға жасаған бірнеше шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа жылжуын уақытша тоқтатып тастады.
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап. – Алматы: «Білім», 2005


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи үдерістерге тигізген әсерін түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет