Алтынкиімді ерте көшпелілер Сақ-скиф заманы – адамзат баласы үшін өте маңызды кезең. Б.з.д. VIII-VII ғасырларға дейін әлемнің қай өлкесі болмасын, өз бетінше бейтарап дамып келсе, осы уақыттан бастап күрт өзгерістер басталғанын сезінеміз. Сондықтан ол дәуірді «кіндік уақыт» деп те атайды. Осы әлемдік жарысқа Еуразия ішкі өлкесін мекендеген сақ-скиф тайпалары елеулі үлес қосты. Олар Батыс пен Шығысты бір-бірімен араластырып, өркениет жетістіктерін үйлестіріп отырды. Көшпелілер Еуразиялық деңгейде рухани салт-дәстүрдің, дүниетанымның қалыптасуына тікелей ықпал етті. Мемлекет аталатын құбылыстың өзі де ол заманда көшпелілердің отырықшы елді бағындырып, басқару жүйесін жасауымен тығыз байланысты еді.
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. – Астана: «Фолиант», 2003
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, «Қазақстан–2030» ұзақ мерзімді стратегиясының тәуелсіз Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлін талдаңыз.
«Қазақстан – 2030» Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы (үзінді)
3-ұзақ мерзiмдi басымдық: Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу Экономиканың өзi тұрақсыз дамудың аралық кезеңiнде тұрғанда, мемлекеттiң реттеушi рөлi мен араласуы бара-бар болуға тиiс. Жаңа әлемдiк экономикалық үлгiлерге сай болу үшiн бiз мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгi мен сапасын едәуiр көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсендiлiгiн арттыруға тиiспiз.
...Бiрiншi Азиялық Барыс болу үшiн бiздiң басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткiштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибе енгiзілуге тиiс.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970002030 сайтынан алынған
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақтардың ру-тайпалық құрылымын түсіндіріңіз.