Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен



бет1/5
Дата08.10.2022
өлшемі25,33 Kb.
#41931
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6 апта Математика мазмұны


1.«Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру. 2.«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі. 3.Бағдарламадағы оқу мақсаттарының жүйесіне талдау жасау.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Бастауыш сыныптардағы (1 - 4 - сыныптар) математика пәні – «Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні. Оны игеруде 1000000 - ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
3. Оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі - бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
4. Оқытудың міндеттеріне:1) тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі - бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
2) бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс - әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т. б.), өзін - өзі бақылау және өзін - өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
3) оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын - ала мақсатты дайындықты жүргізу;
4) оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысынқалыптастыру;
5) стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
6) баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
7) қарым - қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет - ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
5. «Математика» пәні бойынша 1 - 4 - сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1 - сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат, 2 - сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3 - сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4 - сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған«Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет