«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат;
2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
4-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.
4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, математиканы оқытудың бүкіл курсы бойынша білімдер мен дағдыларды жүйелі дамыту және тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:
Сандар және шамалар.