Бағдарламасы қазақстан тарихы (пән атауы)


Этникалық және әлеуметтік процестер



бет4/11
Дата10.09.2023
өлшемі77,44 Kb.
#106850
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЖМБ.ҚГБ.Қазақстан тарихы. ТУП

Этникалық және әлеуметтік процестер

Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер.
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер. Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі. Мәдени-генетикалық код - ұлттың негізі.


Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Қазақтардың ру-тайпалық құрылым қалыптасуының тарихи шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы. "Ауызша тарихнама", "шежіре", "ру", "тайпа", "ата-жұрт", "атамекен", "ел" ұғымы. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлі.


Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың қызметі.



  1. Этникалық процестердің сабақтастығын зерттеу.

  1. Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдаланады;

  2. Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындайды, сипаттайды.

2) Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының біріктіруші ролін анықтау.



  1. Қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа ", "жүз", " ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдаланады;

  2. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарын атайды.

3) Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін қазақ хандығының саяси-экономикалық дамуымен байланыстыру, бағалау.

  1. Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдаланады;

  2. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін сипаттайды, ерекшелігін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет