Бағдарламасы қазақстан тарихы (пән атауы)



бет6/11
Дата10.09.2023
өлшемі77,44 Kb.
#106850
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЖМБ.ҚГБ.Қазақстан тарихы. ТУП

Мәдениеттің дамуы

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері. "Мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдары. Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің эволюциясы және сабақтастығы.


Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтары: әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсету - шынайы патриотизмнің көрінісі. Дала өркениеті тарихымен мәдениетінің ескерткіштері.


Тарихи және мәдени ескерткіштер. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы. Тарихи және мәдени ескерткіштердің классификациясы. Қазақстанның рухани құндылықтары – ұлттық бірегейліктің негізі. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы: бастауы, дәстүрі, қазіргі уақыттағы дамуы.


Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті.
Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет.


Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет.

Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесі.



1)Қазақ халқының материалдық мәдениетінің даму ерекшеліктерін талдау және әлемдік өркениеттегі орнын бағалау;



  1. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін атайды;

  2. Қазақстан Республикасындағы мәдени мұраны дамыту саясатына талдау жасайды;

  3. Ұлттық бірегейлікті сақтауда қазақтардың мәдени мұрасының маңыздылығын түсінеді;

  4. Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын дәлелдейді.

2)Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарының сақталуының себебі ретінде қазақ әдебиеті мен музыка мәдениетінің орнын зерттеу.

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атайды, сипаттайды және рухани-адамгершілік құндылықтармен байланыстырады;

  2. Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін сипаттайды;

  3. Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін типологиялық ерекшеліктері негізінде классификациялайды;

  4. Қазақ әдебиеті мен музыка мәдениетінің маңызды жетістіктерін саралайды және қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарымен байланыстырады.

3)Қазақстанның ХХ-XXIғ.ғ. мәдениетінң дамуы мен жанрларды сипаттау.



  1. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттар мен жанрларды анықтайды;

  2. Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін талдайды;

  3. Қазақстанның мәдени даму бағытындағы жетістіктер мен қайшылықтарды атайды;

  4. ҚР халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесі туралы қорытынды жасайды, аргументтер

келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет