Бағдарламасы қазақстан тарихы (пән атауы)


Өркениет: даму ерекшеліктері



бет7/11
Дата10.09.2023
өлшемі77,44 Kb.
#106850
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЖМБ.ҚГБ.Қазақстан тарихы. ТУП

Өркениет: даму ерекшеліктері

Қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы. Қолөнер мен кәсіптер. Қазақтардың тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі. Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсері. Көшпеліліктің пайда болу факторлары және көшпелі экологиялық факторлардың қалыптасуы. Дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерінің классификациясы. Өндірістің шашыраңқы ұйымдастырылуы мен халықтың қоныстану жүйесі. Қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесіндегі кәсіптері мен қолөнері. Қазақтардың қолөнері мен кәсіптерінің этнографиялық зерттелуі.
Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары.


Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары. Ұлы Жібек жолындағы қалалардың дамуы. Ұлы Жібек жолының қалалары халықаралық және жергілікті сауданың орталықтары ретінде. Отырықшы және көшпенді халықтардың экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынасы және өзара әсері. Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.


Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері.


ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы. Қазақстандағы социалистік даму жолы. Қазақстанның XX ғасырдағы экономикалық дамуы: ауылшаруашылығының социалистік даму жолы. ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторлар.


Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңінде әлеуметтік-эконмикалық жаңғыруы. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болашағы.



1)Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін көрсету.



  1. Көшпелі мал шаруашылығы, отырықшылық, "тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі", "қоныстану жүйесі","экожүйе" ұғымдарын пайдаланады;

  2. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына географиялық факторлардың әсерін анықтайды;

  3. Көшпелі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының даму ерекшеліктерінің мемлекеттің экономикалық дамуына ықпалын дәлелдейді;

  4. Қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттайды.

2)Сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесінде көшпелі және отырықшы халықтың өзара қарым-қатынасын сипаттау.

  1. Қазақстан аумағында ортағасырлық қалаларды атайды және картадан көрсетеді;

  2. Пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлін анықтайды;

  3. Картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттейді;

  4. Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі туралы логикалық бірізді аргументтер келтіреді және бағалайды.

3) Қазақстанның ХХ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы тұжырымдау.

  1. ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтайды;

  2. Дереккөздерден Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтайтын факторларды табады.

4)Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын түсіну және ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болашағын болжау.

  1. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың негізгі кезеңдерін, ерекшелігін атайды;

  2. Қазіргі кезеңдегі экономиканың даму ерекшеліктерімен сабақтастыра байланыстырады және түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет