Бағдарламасы қазақстан тарихы (пән атауы)



бет1/11
Дата10.09.2023
өлшемі77,44 Kb.
#106850
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЖМБ.ҚГБ.Қазақстан тарихы. ТУП


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу № ____
«____»_______2020 жыл
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
(пән атауы)
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары)

Негізгі орта білім базасында



Семей 2020
Бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде қаралды және ұсынылды
Хаттама № 2 « 03 » шілде 2020 жыл
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды
Хаттама № 1 « 15 » шілде 2020 жыл


Мазмұны











Түсіндірме жазба

4


Пәннің тақырыптық жоспары

7


Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері

11


Әдебиеттер мен оқу құралдарының тізімі

28


Түсіндірме жазба

Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.


Үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
Отандық тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны білім алушыларға әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның әлемдік тарихи процестегі орны мен рөлін анықтай отырып, этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолдарының негізгі ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мақсаты – отандық тарихтың негізгі оқиғалары мен процестерін оқыту негізінде тарихи санаға, азаматтылық пен отансүйгіштік қасиеттерге ие, тарихи білім мен дағдыларды оқу және қоғамдық іс-әрекеттерде тиімді және шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі мәселелері туралы білім қалыптастыру;
2) тарихи қалыптасқан мәдени, ұлттық дәстүр, әлеуметтік және адамгершілік нормаларды білімалушылардың түсінуі негізінде оларда азаматтылық пен қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды тәрбиелеу;
3) әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны мен рөлі туралы жалпы тұтас түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
5) өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
7) әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
8) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
9) коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдану.
Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқыту мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:
1) өзгеріс пен сабақтастық;
2) себеп пен салдар;
3) дәлел;
4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық;
6) интерпретация.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:

  • оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу үрдісін бақылау түрлерін таңдауға;

  • оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);

  • нақты дәлелдер мен фактілерге негіздей отырып, пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгертуге.

Жұмыс берушілердің талаптары мен жергілікті жағдайларға байланысты аймақтық компонентін енгізу арқылы бөлімдер мен тақырыптар тізімін тереңдету және кеңейту мақсатында өзгертуге болады.
Қазақстан тарихын оқыту барысында бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптар жүйесі бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасындағы пәндермен тығыз байланыс орнату керек: саясаттану және әлеуметтану негіздері, философия негіздері, құқық негіздері, экономика негіздері, дүниежүзі тарихы, география, мәдениеттану. Пәнаралық байланыс білім алушының коммукативтік құзіреттілігін қалыптастыруды, өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білуді, сыни ойлауды, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану дағдысын қалыптастыруды көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет