Бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Тарихи- мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата19.05.2023
өлшемі277,56 Kb.
#94959
1   2   3
Арыстан баб кесенесі - көне 
Отырар 
жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. 
Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы 
Қожа Ахмед 
Исаудің
ұстазы болған
Арыстан баб
ата қабірінің басына салынған. 
Кесене 
дэлізхана

мешіт
, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке 
бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі 
қабірхана
 болуы тиіс. Қазір 
де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне 
алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. 
Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың 
қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы 


Меккеге
 қараған есігі 
Түркістанға, Әзірет Сұлтанға
 бағытталып, Солтүстік 
жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа 
маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне 
һижра
 бойынша 1327 жыл, яғни 
соңғы құрылыс жүрген уақыт деп 
көрсетілген
.
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген 
діни көріпкел Арыстан баб 
мазарының үстіне салынған. 
Кесененің бірінші құрылысы XIV-
XV ғасырға жатады. Сол 
құрылыстан кесілген айван 
тізбектері қалған. XVIII ғасырда 
көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке 
тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда 
құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 
1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, 
қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен 
қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық 
Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып 
саналады Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі 
болған. 
Арыстанбаб кесенесі ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан 
кешірген құрылыс. Кейде Арыстанбабтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін 
тілге тиек ете отырып, оның кесенесі Арыстанбаб дүние салған соң іле-шала 
тұрғызылған деген жорамал айтылады. Алайда бізге жеткен қазіргі кесенеде 
ХІІ ғасырдың белгілері жоқ. Бұл арада біз ислам дінінің алғашқы кезде қабыр 
үстіне төбесі жабық құрылыс тұрғызуға тыйым салғанын есте ұстағанымыз 
жөн. Осы тұрғыдан қарағанда, ХІІ ғасырда Арыстанбаб ғимаратының 
болмауы да мүмкін. А.Черкасовтың жазбаларында Арыстанбаб кесенесі 
әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы 
бастырмадан тұрғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұлардың жобасы ХІV 
ғасырдың құрылысына сай келеді. Осымен қатар бастырмадағы ұстындар да 
ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында жасалған деген тұжырымды 
мамандар айтқан болатын. Яғни қазіргі Арыстанбаб құрылыс кешеніндегі 
қабырғаналар бөлігі ең көнесі, әуелгісі болып табылады. Бұған қоса халық 
арасында кең тараған мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет кесенесінің 
қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды 
мүйізімен соғып, құлатады. Ғимарат қабырғалары қайта тұрғызылып, 


күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағы да қайталанып, бәрі үйелген 
төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал 
келіп, аян береді, ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы, Арыстанбаб 
моласының үстіне мазар көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап 
орындалған соң ғана
Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды». Арыстанбаб 
қабірханасының едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Тігінен 
көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде «желкен» деп аталатын 
өріммен иіліп барым күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы кең, һәм биік етіп 
тұрғызылған. Қабірхананың есігі күнбатысқа, дәлірек айтсақ, Меккеге 
бағышталған. Бұл қасиетті қабірлерге тағзым етудің мұсылмандық 
ережелерінен туындайды: зиярат етушінің беті сағанаға, арқасы құбылаға 
қарауға тиіс болған. Оның ұзындығы 3 м. 90 см., ені 1 м. 30 см., биіктігі 1 м. 
20 см. Қабаттас, көлемі 5,4м х 5,4 м. Бөлмеде үш қабір бар. Ол да биік 
күмбезбен жабылған. Алайда күмбездің іші алебастрмен сыланып, 
геометриялық үлгідегі өрнектермен нақышталған. Әулиеге кірер есіктің екі 
жағында екі қабір орналасқан. Шырақшылар бұларды Лашынбаб пен 
Қарғабаб дейді. Олар әулие қабірімен салыстырғанда аса шағын болып 
келген. Лашын баб қабырының көлемі 1,63м х 0,92м., Қарғабабтікі 1,70м х 
0,90м. Осы қабарханаларға оңтүстік-батыс жақтан бірнеше бөлмелер 
қосылған. Екі қанаттағы бөлмелерді біріктіріп, байланыстырып тұрған дәліз-
бастырма бар. Ол әдеттегі бастырма-айвандардан өзгеше, тұтасымен қыштан 
өріліп, төбесі иіліп жабылған. Оның көлемі 7,60м х 4,35м. Қабырханалар, 
дәліз қышпен қаланып күмбезделсе, мешіт бөлігі негізінен қам кесектен 
тұрғызылып, төбесін жабуда ағаш кең пайдаланылған. Мешіттің 
ортасында 
В.В.Константинова
 жасаған жоба бойынша алты ағаш тіреу 
болған. Олардың үстіне қары қойылып, ағаштан қырлы күмбез 
қиыстырылған. Мешіт қабырғасында Мекке бағытын көрсететін ойық-
михраб бар. 
Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ 
даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, 
атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың 
үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам 
болған.
Жошы хан мазары Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 
шақырымда, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық 
ескерткіш. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді қүрылыстар қатарына 


жатады. Жобасы тікбүрышты. Құрылыс материалдары-күйдірілген кірпіш, 
әк. Жобаның аумағы 9,55 х 7,25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе - порталы. 
Маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босагасын үстіңгі 
салмақты еркін көтеріп түру үшін мейлінше берік етіп түрғызған. Портал 
жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқүрына үқсатқан. 
Қабырғаның іш жагынан сөрелеп шығаған белдеулердің үстінен екі 
қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі күмбезден шығарылған түндік 
сыртқы күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ 
бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден түседі. Күмбез 
бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. 
"Ақсақ құлан, Жошы хан" күй -аңызының ерекшелігі бар. Жошы хан аңға 
кеткен баласы қайтпаған соң, хабар беруді талап етеді. Бірақ, ханның 
жалғыз ұлын өлді деп хабарлауға батылы барған кісінің көмейіне 
балқытылған қорғасын құятындығын мәлімдейді. Хан қаһарынан қорыққан 
қарт күйші оның өлімін күй арқылы жеткізеді. Жошы хан қобыз үнінен 
баласын ақсақ құлан өлтіргенін біледі. Өз сөзінде тұру үшін сонша қайғы- 
қасіретті жеткізген қобыз шанағына қорғасын құюды бұйырады. 
Сондықтан, қорғасынмен күйген қобыздың жоғарғы жағы ашық күйінде 
қалды, - дейді енді бір аңыз. Алайда «Ақсақ құлан-Жошыхан» күйі ел 
арасында негізінен домбырада және теріс бұрау (домбыратының бұрауын 
түсірудің, күйге келтірудің әдісі) арқылы орындалады. 
Жошы хан күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 
50 шақырым жерде, Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Кеңгір 
өзенінің жағасында орналасқан көне сәулет ескерткіші. Күмбезде сақталған 
таңбаларға қарағанда оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі 
қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық 
асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы 
қайтыс болған Жошыға 1228-1230 жылдары күмбез тұрғызылған болуы 
керек. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына 
жатады. Жобасы тік бұрышты. Құрылыс материалдары: күйдірілген кірпіш, 
әк. Жобаның аумағы 9,52х7,25 метр. Көзге айырқша түсетін нәрсе: оның 
салтанатты порталы. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі 
жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұру үшін мейлінше берік 
етіп тұрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, үйдің 
басқұрына ұқсатқан. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштердің ауданы 
45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнектермен бірге жазу да болған. Порталдың 
жоғарғы жиегін парапет тәріздендіріп, оның астынан қалақ кірпіштен фриз 
тартқан. Ежелгі құрылыс әдісінің бірі - күмбез орнату. Ол Жошы хан 
күмбезінде тамаша шешімін тапқан. Қабырғаның іш жағынан сөрелеп 
шығарған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі 
күмбездің (биіктігі 7 м) салмағын «жалған еңсе» шығару тәсілімен 
белдеулерге жайса, сыртқы күмбезді (биіктігі 8 м) он алты қырлы 
барабанға отырғызған. Ішкі күмбезден шығарылған түндік сыртқы 
күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ 


бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден түседі. Күмбез 
бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. Күмбезді көп қырлы барабанға 
орнату археологиялық тұрғыдан алғанда - оғыз, қыпшақ тайпаларына тән 
сол 
кезде 
барынша 
кең 
таралған 
құрылыс 
тәсілі.
Ішкі қабырғаларында таңбадан басқа ешбір әшекей жоқ. Еденіне қалақ 
кірпіштер төселген. 1946 жылы Ә.Марғұланның басшылығымен 
археологиялық экспедиция күмбезді қазған кезде екі қабір табылған. 
Бірінші қабір күмбездің күншығыс жақ іргесінде орналасқан. Ұзындығы 
2,2 м, ені 0,7 м, тереңдігі 1,2 м. Оған жерленген адам тақтай табытқа 
салынған. Сүйектің оң қолы жоқ екендігі анықталды. Оның үстіне қабір 
ішінен салтанатты киім жұрнақтары, қызыл сафиян етіктің қалдығы, тұт 
жібегінің шіріп жатқан сілемдері, аң сүйектері мен түйенің бас сүйегі, 
темір қарудың сынықтары
табылды. Бұл «Жошының аң аулап жүргенде 
құланның айғыры шайнап өлтірді» деген халық аңызына үндес келеді. 
Халық аңызында «Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ болған» немесе 
«Жошының тек бір қолын тауып қойған», кейде «бір шынашағын ғана 
тапқан» деген әр түрлі жорамалдар бар. Екінші қабір Жошының үлкен 
бәйбішесі, Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның інісінің қызы 
Бектумыштікі 
болуы 
тиіс.
1982 жылы Жошыхан күмбезі архитектуралық әсем құрылыс ретінде 
республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштердің тізіміне 
енгізілген. Соңғы жылдары республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, 
ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жошы - Шыңғыс 
ханның үлкен ұлы, Алтын Орданың негізін салушы, қазақ хандарының 
арғы атасы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет