Жоспар:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім : 1.
Қожа Ахмет Ясауи
2.
Арыстан баб кесенесі
3.
Жошы хан күмбезі
Кіріспе
Еліміздің мәдени мұрасы – мәдени, экономикалық
және әлеуметтік
капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам,
адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің
маңызды қоймасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын
жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын
көрсететін қазіргі дау-
дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін
зерттейді.
Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра»
мемлекеттік
бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Тарихи-
мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес,
сонымен қатар
болашақта болатын жағдайды баяндайды.
Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді.
Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени
ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен
қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған
Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік
тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және
археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны
құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық
гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы
қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия,
Ресей және Өзбекстан,
Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу
экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша
ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы,
тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден
астам кітап, олардың ішінде этнография, археология,
тарих бойынша
сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.
Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих,
этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар
құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз.
Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев
«Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін
стратегиялық ұлттық жоба деп атаған.
Қазақстандағы 25 мың тіркелген ескерткіштер
арасында алғашқы
адамдардың тұрақтары, мыңдаға жылдар бойғы тарихы бар қалалар бар. Осы
мыңдаға археологиялық куәліктер арасында ежелгі, ортағасырлық, шығыс
сәулет өнерінің құнды қазынасы жатыр. Қызылорда облысындағы б.з.д. IV-II
ғғ Баланды-II ескерткіші - кірпіштен жасалған әлемдегі алғашқы
күмбездердің бірі.
Маңғыстау ескерткіші - өзіндік, автономды сәулет
стилінің әлемде қайталанбас дамуы. Жамбыл облысындағы Айша-Бибі
кесенесі – Қазақстан территориясында VII-VIII ғасырларда құрылыс
технологиясының даму деңгейінің зор екендігін көрсететін тағы бір әлемде
қайталанбас сәулет туындысы. Түркістандағы
Қожа Ахмет Яссауидің
кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды.
Түркістан
қаласындағы