Бағдарламасы: «Бабалар сөзі»



Дата27.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#24440
түріБағдарламасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Мәдени мұра» бағдарламасы: «Бабалар сөзі» жинағының тарихи сапаны қалыптастырудағы орны.

Ментор: Тілеуберген Санжар Спандиярұлы

Топ мүшелері: Таубай Ернұр Жамбылұлы  

Темірханова Айдана Берікқызы 

Асылхан Айсымбат Аралбайқызы 

Жобамыздың мақсаты:

  •  Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасын, оның ішінде «Бабалар сөзі» жүзтомдығын таныстырып, біздің тарихымызда алатын орнын көрсету және бұл жинақты қалың жұртшылыққа, оның ішінде өскелең ұрпаққа және жастар қоғамына кеңінен насихаттап, жинақ жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Жоба идеясы:

«Бабалар сөзі – даналықтың көзі»

Құрылымы:

1) Қоғамдық сауалнама нәтижелерін қорытындылау

2) Интернеттен “Survey monkey” сайты арқылы алынған сауалнамаға қорытынды.

3) Профессионалды сауалнаманың қорытындысы.

4) Жоба бойынша қорытынды және ұсыныстар.


1) Қоғамдық сауалнама нәтижелерін қорытындылау.

Біз қазіргі жастардың Мәдени мұра бағдарламасынан және Бабалар сөзі жүзтомдығынан қаншалықты хабары бар екенін білу үшін, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінен қоғамдық сауалнама алған болатынбыз, бұл сауалнамамызға 4 студент қатысты, сауалнамада біз Мәдени мұра бағдарламасы және Бабалар сөзі туралы 3 негізгі сұрақ қойдық. Бұл сұрақтар:

1)Н.Ә. Назарбаевтың 2003 ж. қабылданған "Мәдени мұра" бағдарламасы туралы естуіңіз бар ма және ол туралы не білесіз?

2) “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында жасалынған “Бабалар сөзі” хикаялық дастандар кітабын білесізбе?

3) Мектепте оқып жүрген кезден ақ, есімдері тарих, әдебиет пәндерінде кездесетін “Алпамыс батыр” және “Қобыланды батыр” жырларының дәл осы Бабалар сөзі хикаялық дастандар кітабы арқылы табылып, жарық көргендігінен хабарыңыз барма?

Бұл қойылған сұрақтарымызға сауалнама алған 4 студенттің ішінен тек 1 еуі ғана нақты жауап бере алды, ал қалғандары бұл туралы білмейтіндіктерін немесе кішкене ғана білетіндігін айтты. Біз қазір көптеген жастардың бұл бағдарлама мен жинақтан хабары жоқ екендігін осы сауалнамадан ақ түсіндік, сондықтан сауалнамамызды барынша үлкен ауқымда қамту үшін 16 жастан асқан барлық ересек адамдардан алуды көздеп, оны интернеттен Survey monkey сайты арқылы іске асыра алдық.



2) Интернеттен “Survey monkey” сайты арқылы алынған сауалнамаға қорытынды.

Интернеттен Survey monkey сайты арқылы алынған бұл сауалнамамызға 40 адам қатысты. Онда респонденттерге 10 сұрақ қойылған болатын, оның 3 сұрағы респонденттің өзі жайлы, ал қалған жеті сұрақ “Мәдени мұра” бағдарламасы мен “Бабалар сөзі” жинағынан қойылды. Жалпы біз берілген жауаптардан бұл кісілердің “Мәдени мұра” және “Бабалар сөзі” туралы өте аз білетіндігін байқадық. Оның дәлелі ретінде мына екі сұрақты мысалға келтіруге болады:

1) “Мәдени мұра” бағдарламасы жайлы президент жолдауы қашан жарық көрді?

2) “Бабалар сөзі” хикаялық дастандар кітабы қанша томнан тұрады?

.

1-ші сұрақ бойынша дұрыс жауап 2003 жыл болатын, бірақ бұл сұрақтан 26 қатысушы қателескен, ал 2-ші сұрақ бойынша дұрыс жауап 100 том болатын ал қатысушылардың 72,5%-ы, яғни 29 адам қателескен екен.Сол үшін біз қазір тек жастардың ғана емес, сонымен қатар көптеген қазақстандықтардың жобадан және жинақтан хабары жоқ деген тұжырымға келдік.



3) Профессионалды сауалнаманың қорытындысы.

Кезекті сауалнаманы, яғни профессионалды сауалнаманы алу мақсатымыз осы жоба және жинақ бойынша бізді толғандырған, және біздің түсінбеген сауалдарымыз болған еді.Сол себептен Бабалар сөзі жүзтомдығына байланысты туындаған сауалдарымызға жауап табу үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қолжазба және текстология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Жұмашай Сайлауқызынан сұхбат алған болатынбыз.

Бұл сұхбатымыз арқылы біз Мәдени мұра бағдарламасының Қазақстан тарихындағы орнын және оның үздік жетістіктерін, Бабалар сөзі жүзтомдығын жазуда қанша маман жұмыс жасағандығын, бұл жинақтың қай ғылым салаларын дамытуға үлес қосқанын, және жинақты қалай дұрыс насихаттауға болатынын түсіндік, ол үшін Жұмашай Сайлауқызына үлкен алғысымызды айтамыз.Және осы және алдыңғы сауалнамаларымызбен толықтай таныс болуыңыз үшін, YOU TUBE интернет желісінен біздің жобамызды тамашалауды ұсынамыз

4) Жоба бойынша қорытынды және ұсыныстар.

Қорыта келгенде айтарымыз «Бабалар сөзі» бұл – ұлттық мəдени кеңістікте ғана емес, халықаралық дəрежеде де кең көлемде насихаттауға тұрарлық кешенді жоба, «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тамаша рухани жетістігі жəне жеңісі, жаңашыл рухтың тұғырлы тетігі. Қазіргі кезде әлемде фольклоры мен әдеби шығармалары 100 томға жететін елдер кездесетін шығар, бірақ олардың ешқайсысы біздің Қазақстан секілді барлық фольклорын және әдеби мәдениетін бір кітаптың аясында жинақтай алмаған, жинақтағанның өзінде біздің фольклорымыз бен әдеби мәдениетімізге ешкімде теңесе алмайды. Сол үшін Мәдени мұра бағдарламасын және оның аясында жасалған “Бабалар сөзі” жүзтомдығын білу, ұлттық және халықаралық деңгейде насихаттау бұл әрбір қазақстандықтың міндеті деп ойлаймын.


Ұсынысымыз:

1) Өскелең ұрпақтың білім нәрімен алғаш сусындайтын жері, яғни Мектептерде қазіргі жастарымыздың “Мәдени мұра” жобасын және “Бабалар сөзі” жинағын толықтай білуі және түсінуі үшін Мәдени мұра бағдарламасы жайлы толық оқытатын факултативтік сабақтар қосылса.

2) “Бабалар сөзі” жинағын толық зерттеу және оған қызығушылықты арттыру мақсатында көптеген ғылыми жобалар және конференциялар ұйымдастырылса.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет