Бағдарламасы Бағдарламаның мақсаты аутизмі бар баламен байланыс орнату және өзара әрекеттесудің бастапқы формалары



бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі47,61 Kb.
#135923
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
аутизм сөждер

1. «Ойын» технологиясын қолдану. Аутизмі бар баламен қарым-қатынас орнату. «Қуыршақпен ойна» жаттығуы. Ойын барысы: түрлі тақырыптар бойынша сюжеттік-рөлдік ойындар жүргізу. Мысалы, «Дүкенге барамыз», «Қонақта». Қуыршақ балаға әлеуметтік рөлдерге кіруге көмектеседі. Зейінді дамыту. «Артығын тап» жаттығуы. Ойын барысы: нұсқаушы берілген суреттердің ішінен артығын табуды тапсырады. Мысалы, қияр, асқабақ, сәбіз, алма. Артығы: алма. Қозғалыс ойындарын дамыту. «Достарымызға үй саламыз» ойыны. Ойын барысы: нұсқаушы балаларды екі топқа бөліп, олардың Ақтөс және Шарик атты екі достарының барын айтады. Олар өте жақсы достар. Тек олардың тұратын үйі жоқ. Қане, оларға үй салып көмектесейікші. Осылайша, бір топ Ақтөске, екінші топ Шарикке үй салады. Ол үшін балаларға кубиктер мен тапсырмалар беріледі. Кім үйді бірінші салып бітіреді. 2. Глобалды оқыту әдістемесін қолдану. Ерте жастағы аутист-балаларды оқытуда глобалды оқыту әдістемесін қолдану барынша тиімді болып табылады. Глобалды оқыту – баланың бүкіл сөзді толығымен қабылдауы (жазылуына қарап). Келесі жаттығуда біз сөздерді бөліктері бойынша глобалды оқытамыз. Сөздің бөліктері, буындар, жеке әріптер. Мысалы: ма-ма, па-па, а-ға, ал-ма, ал-мұрт. Аталмыш әдіс арқылы бірте-бірте қалыпты оқуға өтуге болады деп санаймыз. Баланы ең алдымен қандай сөздермен таныстырған жөн? Әрине, ең алдымен, біз қарапайым, күнделікті қолданыста жүрген сөздерден бастаймыз. Олар: ана, әке, аға, әпке, ата, апа т.б. Біраз уақыт өткеннен кейін ұзақ сөздерді қосуға болады. Мысалы: қуыршақ, машина, кітап, ойыншық т.с.с., яғни біз бұл кезеңде де балалардың күнделікті қолданатын, айналасындағы заттарға сүйенеміз. Келесі кезеңде біз жақын адамдардың аттарын қосып жазамыз. Мысалы, Айгүл мама, Асқар аға, Жанна тәте т.б.
3. Сенсорлық интеграция әдістемесін қолдану. Көп адамдар денесін сезініп, сезімдерін сәйкестендіріп, қоршаған ортаны сол арқылы тануға тырысады. Ал аутизм диагнозы бар балаларға ол қиын соғады. Сенсорлы интеграция терапиясы баланың қоршаған орта тітіркендіргіштеріне тым қозып отырғанын немесе қоршаған ортаның аса әсер етпегенін болжап, анықтауға көмектеседі. Осылайша, сенсорлы интеграцияның мақсаты – мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге асыру. Сол арқылы бала күнделікті өмірде сол ақпаратты қолдана алады. Сенсорлы интеграцияның мысалдары:

  • Музыкаға билеу (есту жүйесі);

  • Бұршақ толтырылған қораптармен ойнау (тактильді сезімдерін дамыту);

  • Туннельде жорғалау (кеңістікте бағдарлау);

  • Қозғалып тұрған шариктерге жанасу (көру сезімі);

  • Орындықта айналу (тепе-теңдік және көру қабілетіне әсер ету);

  • Бөренеде тепе-теңдік ұстап тұру (тепе-теңдік сақтау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет