Бағдарламасы Баспа №1 «Теміржол стансалары мен түйіндері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Жүкке іздеу салу тәртібі. Іздеу жеделхаттары



бет17/22
Дата05.04.2023
өлшемі0,57 Mb.
#79726
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
УМК Теміржол станциялары және түйіндері

Жүкке іздеу салу тәртібі. Іздеу жеделхаттары.
Егер жүк бағытталған жеріне уақытында жетпесе, немесе оның бөлігі ғана жетсе, тасымалдау құжаттары жоқ жүк, немесе жүксіз құжаттар табылса, жүкке іздеу салынады.
Қабылдаушының (жіберушінің) талап етуімен, станция жүкті іздестіруге кіріседі. Ол үшін талап етуші жүктің тасымалдауға алынғаны туралы шынайы түбіртекті көрсетуі қажет, түбіртек жоқ болған жағдайда, келесі құжаттардың бірін көрсетуіне болады: жабдықтаушының есеп-фактурасы (немесе көшірмесі), есеп-фактураны алмастыратын жабдықтаушы құжаты, жүк тиелген станцияның (кемежайдың) жүкті жібергені туралы анықтама. Іздестіру барысында жүктің қайда екенін анықтау үшін, пайдасы тиетін барлық құжаттар қолданылуы қажет: зат парақтары, вагон парақтары, жүк орналасқан жерлердегі немесе жылжымалы составтардағы пломбалар, жабыстырмалар, биркалар, белгілер, жүкпен бірге жүрген құжаттар, т. б.
Жетпей қалған жүкті бағытталған станция іздестіреді, ол жүкті жылдам табуға уақтылы шара қолдануға жауапты. Осыған қарамастан, жүкті жіберген, немесе жоғалтқан станция да іздестіруге ат салысуы қажет. Егер жол басқармасына жетпей қалған жүктің құнын төлеуді талап ететін арыз берілсе, іздестіруді контейнерлік тасымалдау немесе коммерциялық жұмыс қызметі атқарады. Егер жекелеген азаматтардан шағым немесе өтініш түссе, жүкті бағытталған станция немесе контейнерлік тасымалдау қызметі іздейді. Жүкті іздестіру туралы сұрау салуды дайындап, жіберуге, сондай-ақ, жүктің жіберілуі, жүріп өтуі немесе тапсырылуы туралы жауапқа бір тәуліктен аспайтын мерзім беріледі.
Уақтылы келмеген жүкті іздестіруге кіріспестен бұрын, жүк бағытталған станция келесілерді істеуі қажет: жүк негізгі немесе қосымша артынан жіберілетін құжаттар бойынша келген-келмегенін анықтау; іздеу салынған жүкті құжаттары жоқ жүктің және артық орын арасынан іздеу мақсатымен, құжаттары жоқ жүктер кітабының жазбаларын, қоймаларда сақталатын ұсталып қалынған жүктер арасынан іздестіру; егер жүктің бағытталған станциясы бекетке жататын болса, онда жүк бекеттің басқа да станцияларына келген-келмегенін анықтау; басқа станциялардан артық немесе құжаттары жоқ, сыртқы сипаттары жоғалған жүкке ұқсас жүктер табылғаны туралы хат алысудың бар-жоқтығын анықтау.
Егер осының бәрін анықтағаннан кейін, жүк табылмаса, станция іздестіру ісін бастауы қажет және дереу іздестіру жеделхатын жіберуі қажет (жіберген станцияларға, өз жолына түскен станцияларға). Жүкті жіберген станция бір тәулік мерзімінде жүктің жіберілген күнін, вагон, контейнер мен поезд номерін, ұсақ жүктер жоғалса, жоғарыдағы мәліметтермен қатар, іріктеу станциясын да анықтап, осы мәліметтерді жүктің бағытталған станциясына жібереді. Жүктің орта жолда өткен станциясы зат парақтарына қарап, жүктің жүріп өткен уақытын анықтайды да, жүктің бағытталған станциясына бір тәулік мерзімінде жүктің жүріп өткен уақытын, вагон мен поезд номерін, поездің таратылу станциясын хабарлайды.
Кейде іздестіріліп жүрген жүк станциядан жіберіліп, бағытталған станцияның жолына түспей қалады. Мұндай жағдайда жүктің бағытталған станциясына, егер вагондарға тиелген жүк жоғалған болса, жүктің жол бойындағы келесі ауысу станциясына жеделхат жіберуі қажет. Егер ұсақ жүк немесе контейнердегі жүкті табу қажет болса, жеделхат жүктің іріктелген станциясына жіберіледі. Жүктің ауысқан станциясы бағытталған станцияға тексеру нәтижелерін хабарлайды. Ұсақ жүкті іздестіру туралы жеделхатты алған іріктеу станциясы құрама вагонның келген-келмегенін анықтайды. Егер келген болса, жүктің бағытталған станциясына жүктің келген күнін, вагон мен поезд номерін, келесі іріктеу станциясын хабарлайды.
Егер іздестіріліп отырған вагондық жүк көрші жолға берілгені туралы, немесе құрама вагон таратылып, бағытталған жеріне жіберілгені туралы белгілі болса, жүктің бағытталған станциясы вагондық жүктің ауысу станциясына немесе құрама вагонды сұрыптау станциясына ары қарай іздестіру жеделхатын жібереді.
Егер іздестіріліп отырған жүк бірнеше жолдан өтуі қажет болса, жүктің бағытталған станциясы жүктің мүмкін өткен станцияларына жеделхат жібереді. Егер жүктің ауысу станциясында басқа жолға өтпегені анықталса, іздестіру жеделхаты жүкті ұстап қалған жолдың контейнерлік тасымалдау немесе коммерциялық жұмыс қызметіне тапсырылады. Бұл қызмет жұмыскерлері бір тәулік мерзімінде жүктің келесі жолға ауысқанын дәлелдеуі қажет, немесе оны өз жолынан тауып, жүктің бағытталған станциясына хабарлауы тиіс. Егер іздестіріліп отырған жүк іздестіру туралы сұрауға берілген жауаптан бұрын келсе, онда жүктің бағытталған станциясы сұрау жіберілген станция мен жолға іздестірудің тоқтатылатыны жөнінде дереу хабарлауы тиіс.
Құжаттары жоқ жүк тиелген вагонды көрген станция белгілер мен пломбалары бойынша оның келу уақыты мен бағытталған станциясын анықтауы тиіс. Жүксіз құжаттарды тапқан станция коммерциялық акт жасап, құжаттармен бірге пошта арқылы бағытталған станцияға жібереді және поезді құрау сатнциясына, немесе жүксіз құжаттарды алып келген құрама вагонға пломба қойған станцияға, сонымен қатар, жүкті жіберген станцияға хабарлайды.
Жүкті іздестіруді тездету үшін, МПС контейнерлік тасымалдау және коммерциялық жұмыс қызметінің Басты басқармасында орталықтандырылған іздестіру тобы ұйымдастырылған. Темір жолдың барлық станциялары, құжаттары жоқ жүк немесе жүксіз құжаттар тауып алса, табылған жердегі сәйкес тексеруден кейін, керекті мәліметтерді осы топқа береді. Бұл топ жүктің бағытталған станциясын анықтап, баратын жеріне жіберуді бұйырады. Қазіргі уақытта жүктерді ЭЕМ арқылы іздестіру жүйесі қарастырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет