Бағдарламасы Баспа №1 «Теміржол стансалары мен түйіндері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет19/22
Дата05.04.2023
өлшемі0,57 Mb.
#79726
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Арыз ескілігінің мерзімдері.
Жарғының 177-бабына сәйкес, темір жолға арыз тек қана жолдың арызды қанағаттандыруға толықтай немесе бөлшектей бас тартқан, немесе бекітілген мерзім ішінде жауап алмаған жағдайында беріледі. Арызды жол жауабын алғаннан кейін, немесе жауап келмеген жағдайда, мерзім біткен күннен бастап 2 ай ішінде, жол басқармасының орналасқан ауданының арбитражды немесе халықтық сотына береді. Жарғы жіберуші немесе қабылдаушының темір жолға арыз жазуына 2 ай уақыт береді. Арыз ескілігі дегеніміз – соттық-арбитражды органдарға арыз жазу құқығының уақыты бітетін мерзім. 100 руб.-ге дейінгі арыздарды жол бастығы қарастырады. Оның шешімін өзгертуге, оған шағымдануға болмайды.
Жолдың жіберушіге немесе қабылдаушыға арызы 6 айдың ішінде сот органдарына немесе арбитражға беріледі: тасымалдау жоспарының орындалмағаны үшін – айыппұл төленетін мерзімі біткенде 5 күннен кейін, басқа жағдайлардың барлығында – арыз жазуға себеп болған оқиға күнінен бастап.
Жол талаптарын қарастыру мен берілуінің тәртібін Жарғы емес, азаматтық арбитражды процестің жалпы нормалары қарастырады.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабы тауар кеңсесінде, жіберушілер мен қабылдаушылар үшін оңай жерге қойылады; оның орналасқан жері жазылған хабарландыру ілінеді. Кітап азаматтардың талап етуімен дереу берілуі тиіс. Шағымдарды 3 күннің ішінде өкілетті адам қарастырып, шағымданушы адамға нәтижелерін хабарлайды. Егер шағымданушы нәтижелермен келіспесе, ол темір жол көлігінің жоғары тұрған органдарына шағымдануға құқылы. Олар шағымды қарастырып, қолданылған шаралар жөнінде шағымданушыға 1 айдан кешіктірмей хабарлауы тиіс.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабына шағым жазған адамның қажетті жағдайларда арыз жазуына да құқығы бар (Жарғының 17-бабы).
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жүктерді іздестіру және іздестіру жеделхаттарын, оларға жауапты жіберу тәртібі.
2. Темір жолға арыз беру құқығы.


15-дәріс. Коммерциялық және жүктік есептеу станцияны тексеру.
Дәріс мазмұны:

  1. Станцияның коммерциялық есептеуін жүргізудің нұсқауы.

  2. Вагонға тиеулі және жіберілуге алынған жүк туралы есептер.

Алғашқы санақтық құжат және есептеу көліктің және экономикалық нәтижелерді қаржылық біріктіруде мағлұмат берудің негізгі көзі болып табылады.


Барлық санақ операциялары қатаң және қатаң емес санақ бланкаларында толтырылады. Қатаң санақ бланкаларына жатады:
- жол ведомостілері
- қайта жіберілетін ведомость
- қайта жіберілетін құжат
- түрлі жиынның квитанциялары
- коммерциялық акт және т.б.

Бүкіл осы бланкалар мәрмен номерленген және қорғаушы торы бар. Оларды жасау темір жол тапсырысымен орталықтандыра отырып жасайды. Арнайы қоймаларды катал санақ бланкасымен станциялар толықтырады. Қайта жіберу, шығындау және олардың болуын құжат типіне, сериясына және номеріне қарай есептейді. Қатал есептеу бланкаларын (форма –ЛУ) талап ету бойынша алады. Бұл форма 3 бөліктен тұрады: талап ету, құжат, түбіршек.


Талап етуді станция бастығы немесе оның орынбасары мөрін қоя отырып қол қояды. Станцияда төтрайлық қатаң есепідегі бланк қоры болуы керек. Қор үшайлыққа мөлшерге төмендеген кезде бухгалтерлік есептеуге және жол қаржысына бланколарды жаңадан талап ету керектігі жіберіледі. Бухгалтерлік санақ және қаржы қызметі станцияға бланкаларды сала отырып, оның сериясын бірініші және соңғы номерін көрсетеді. Накладнойды бланкамен бірге қорапқа орналастырады. Станцияда бланкаларды накладнойға байланысты қабылдайды, одан кейін станция басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылған және қабылдау уақыты көрсетілген қолқатты жолдың қаржы қызметіне жібереді. Барлық қатаң санақтағы бланкалар қатаң санақтағы бланкалардың келу кітабына енгізіледі (Форма – ЛУ - 7). Қатаң санақ бланкалар қорын қоймада құлып пен мөр қоя отырып бөтен адамдардан аулақ жерде сақтайды. Бланктардың сақтау жауапкершілігі станция бастығы және соны жүргізетін адамға жүктеледі. Әр қатаң санақ бланкасының жоғалуының әр жағдайында да ізделінеді, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Қатаң санақ бланкасының жоғалуы туралы станция басшысы шұғыл түрде жол қаржы қызметіне және милиция органдарына ескертуге міндетті.
Қатаң санақ бланкасының қолданыстағы қоры кезекшілік ауысуы кезінде өткізуші мен қабылдаушы арасында қолқат арқылы қатаң санақ бланкасы жіберіледі. Бір кассадан екінші кассаға жіберу, үш көшірмеден тұратын актпен толтырады, біреуін бухгалтерлік санақ және жолдың қаржы қызметіне беріледі.
Қатаң емес санақтағы бланкалар темір жол тапсырысы бойынша орталықтандыра отырып жасалынады және станциялар мен тауарды есептеу кантораларына склад арқылы таратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет