алынған жаңа нәтижелердің, жасалған қорытындылар мен тұжырымдардың шынайылығы мен сенімділігін негіздеу мақсатында дәлелдер мен фактілерді келтіре отырып орындайтын зерттеушінің логикалық іс-әрекеттер жүйесі.
әлеуметтік-практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми зерттеу; қолданбалы практикалық мәні бар фактілер жүйесін алуға және практикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа білімді пайдалануға және нақты міндеттер мен проблемаларды шешуге бағытталған қызмет.
нақты ескерілген жағдайларда педагогикалық үдерісті өзгертуге бағытталған ғылыми ұйымдастырылған тәжірибе
Плагиат
басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану.
Сабақты зерттеу (Lesson study)
жоспарлау, бақылау және талдау саласындағы бірлескен педагогикалық практиканың рефлексивті циклі, бір циклдің нәтижесі рефлексивті талқылауға және оқу мен оқытуды үнемі жетілдіру мақсатында келесі сабақты жоспарлауға негіз болады.
ақпаратты жинау және өңдеу процесін қатаң стандарттауға және рәсімдеуге бағытталған сипаттамалық зерттеулер (кім? қашан? қанша? қаншалықты жиі? қайда?).
Триангуляция
бағалау пікірлері сенімді дәлелдер қорына негіздейтін танымал әдіс. Триангуляция қандай да бір сала (зат, құбылыс және т.б.) туралы қорытындыға келмес бұрын дәлелдемелердің үш көзін (ең болмағанда) қарауды қамтамасыз етуді білдіреді (мысалы: адамдардың пікірлері, тікелей бақылаулар, нақты деректер).