Осыған байланысты болашақ мұғалім өзін-өзі дамытуға және пәндік салада
өз білімін толықтыруға деген ұмтылыс, белсенді педагогикалық ұстанымды
ұстану,
жоғары шығармашылыққа, көшбасышылық және коммуникативтік
әлеуетке ие болу, қолданбалы зерттеу әдіснамасы саласына тән жоғары
білмді меңгеру, яғни зерттеу әрекетіне дайын болу
сияқты бірқатар белгілі
бір қасиеттерге ие болуы керек.
9.
Мұғалімнің зерттеу қызметіне дайындығы оны оқу орнында
дайындау кезеңінде қалыптасады. Осы бағдарламада тыңдаушыларды білім
алушыларды зерттеу жұмысына тарту үшін зерттеу
әрекетін ұйымдастыру
формаларына оқыту қарастырылған.
10.
Тыңдаушылар педагогикалық зерттеу әдіснамасымен, әдістері
және
әдістемесімен, Іс-әрекетті зерттеу (Action research), Сабақты зерттеу
(Lesson study) тәсілдемелерінің ерекшеліктерімен танысады.
11.
Тыңдаушылардың зейіні педагогикалық зерттеудің әдіснамалық
негіздері туралы білімді
кеңейтуге және тереңдетуге, зерттеу әдістерін
қолдану дағдыларын дамытуға, деректерді
жинауға және оларды
педагогикалық эксперимент шеңберінде өңдеуге шоғырланады. Күн сайын
тақырыптық оқыту аяқталғаннан кейін әр тыңдаушыға абстрактілі
концептуализация үшін кері байланыс ұсынылады.Тыңдаушылардың оқу
мақсаттарына жетуін мониторингілеу үшін рефлексия жүргізіледі және
жаттығулар орындалады.
12.
Бағдарлама мазмұны тақырып
бойынша шолу дәрістерін,
таныстырылым және теориялық материалдарды, бекітуге арналған
практикалық тапсырмаларды қамтитын тақырыптардан құралған. Оқытудың
соңғы кезеңінде педагогикалық эксперимент жүргізу қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: