Параметр
|
Мәні
|
Өнім бірлігінің параметрі
|
Тауардың өзіндік құны, теңге
|
35
|
Тауардың бағасы, теңге
|
75
|
Тұрақты шығыстарды есептеу
|
Тұрақты шығыстар, теңге
|
7500
|
Қызметкер
|
2500
|
Жалға алу
|
4000
|
Жарнамаға кететін шығыстар
|
1000
|
Залалсыздық нүктесін есептеу
|
Сату көлемі, дана
|
188
|
Сату көлемі, теңге
|
14100
|
Формулаға қолда бар деректерді қойып, өндірістің көлемін нақты көріністе = 7500 / (75-35) = 188 бірлікке тең екенін көреміз. Шыққан мәнді бағасына көбейт- сек, біз түсім аламыз, демек жобамыз шығынсыз болады.
Бизнес-жобаның негізгі қаржылық есептеулерін жүргізгеннен соң, салық режимін таңдау мен салық тәртібін сақтау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек. Бұл туралы келесі «Салық режимдерінің ерекшеліктері» 9-модулінде танысуға болады.
9-МОДУЛЬ. САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖК ретінде мемлекеттік тіркелу
Салық міндеттемесі, салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер түрлері, салық режимдері
Шағын бизнес үшін арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері
Шаруа немесе фермер қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері
ЖК үшін жалпыға бірдей салық режиміні қолдану ерекшеліктері
ЖК қызметін уақытша тоқтату және қайта жалғастыру
ЖК РЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУ
Жеке кәсіпкер ретінде (бұдан әрі – ЖК) тіркелу үшін жеке тұлға e-license пор- талы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі
– Корпорация) арқылы электронды түрде ЖК қызметінің басталғандығы туралы хабарламаны тұрғылықты мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
ЖК қызметінің басталғанын растайтын хабарламада берілген деректер өзгер- ген жағдайда, міндетті түрде уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша мемлекеттiк тiркеу фактiсiн растайтын құжат 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап берiлмейді.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігін Қазақстан Республикасының Қаржы ми- нистрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің kgd.gov.kz ресми сайтында «Салық төлеу- шілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық сервис» қосымшасынан немесе Салық төлеушілер кабинетінен көруге болады.
ЖК РЕТІНДЕ ТІРКЕЛУДІҢ ҚАДАМДЫҚ НҰСҚАУЫ:
1-ҚАДАМ. КОРПОРАЦИЯҒА ФЛЕШКАМЕН БАРЫП, ЭЦҚ АЛАМЫЗ
НҰСҚА: Ол үшін «анықтама бөлімінде» тұрған қызметкерге ЭЦҚ алу үшін талон беруін сұраймыз. Корпорация қызметкерінен өз ЖК тіркеуге көмектесуін сұраймыз.
НҰСҚА: Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне ЖК тіркеу үшін жүгінеміз.
НҰСҚА: Өзіңіз тіркелсеңіз болады!
Компьютерде ЭЦҚ орнатамыз, шамамен 5-10 минут уақыт алады.
Достарыңызбен бөлісу: |