Жалпы сомасы 8 000 АЕК-ден асатын бір жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше үлестес қатысушыларға микрокредит алуға тиым салынады. Бір жоба болып бір уақытта келесі барлық өлшемдерге сәйкес келетін екі немесе одан да көп жобалардың жиынтығы есептеледі:
А) жоба бір объектінің аумағында жүзеге асырылады;
Б) жоба бір ЭҚЖЖ сынып тармағының аясында жүзеге асырылады;
В) бір жобаны жүзеге асыратын Бағдарлама қатысушыларының арасын- да қаржы ағыны болады.
Мемлекеттік меншікте орналасқан жер учаскесіндегі құрылыс жұ- мыстары жағдайын қоспағанда, бағдарлама қатысушылары арқылы ми- кронесие қаржысы есебінен сатып алынған мүлік/активтер үшінші тұлға атына рәсімделмейді;
Егер Бағдарлама қатысушысының контрагентпен жасаған келісім-шар- тына сәйкес тауарлар және/немесе жұмыстар және/немесе қызметтерді сатып алуға өзге уақыт қарастырылмаған болса, бағдарлама қатысушы- лары микронесиені немесе оның бөліктерін қаржыландыру күнінен бастап 6 ай ішінде мақсатты тағайындамасы бойынша қолданады;
Микронесиелер әрекет етуші үлестес кәсіпкерлердің қызметіне сәй- кес ЭҚЖЖ экономикалық саласындағы жобалардың жүзеге асырылуына берілмейді (ЭҚЖЖ сынып тармағы деңгейінде)
Бағдарлама қатысушыларын қаржыландырудың өзге шарттары несие
берушінің уәкілетті органы шешімімен анықталады.
«АШҚҚҚ»АҚ-ныңнесиелікөнімдері
«Игілік» – ірі қара мал, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да мал басын, құс көбейтуге арналған.
«Егінжай»– егістік шаруашылықты қаржыландыруға, көктемгі егістік және күзгі жиын-терім жұмыстары үшін айналымдағы капиталды толықтыруға ар- налған.
«Кәсіпкер» – ауылдық жерлерде ауылшаруашылық емес бизнес түрлерін қаржыландыруға бағытталған. (Игілік, Егінжай бағдарламаларында көздел- ген арнайы мақсаттарды қоспағанда)