Бағдарламасы «бастау бизнес»
кітап бизнес бастау 22-23 ж
Егістікке күтім жасау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясы. Фитосанитарлық нормалар. Зиянкестермен күресАзық-түлік өнімдерін алу үшін әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары қажет екендігі белгілі. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі – майлы дақылдар. Қазақстанда майлы дақылдарды өсіруге өңірлердің маманданып жатқаны анық байқалады. Майлы дақылдың негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанда өсіріледі. Күнбағыс пен рапс солтүстік-шығыс аймақта, зығыр Қазақстанның солтүстігі мен батысында, ал соя оңтүстікте өсіріледі. Майлы дақылдарды өсірудің артықшылықтары: Азық-түлікке пайдаланылатын майлы дақылдарға жоғары сұраныс сақталады; Қазақстанның табиғи жағдайы негізгі дақыл – бидай дақылына кереғар кел- мейтін, нарықта сұранысқа ие рапс, соя, күнбағыс, шашақты зығыр секілді және т.б. майлы дақылдардың әр алуан түрлерін өсіруге мүмкіндік береді; Күнбағыстан басқа майлы дақылдар дәнді дақылдарға жақсы алдыңғы егіс дақылы бола алады; Өсімдік майын өндірушілер үшін шикізатқа жоғары баға сақталған, бұл майлы дәндерді өсіру мол табыс көзі екенін көрсетіп, инвесторларға оң белгі береді; Қазақстанның материктік орналасуы себебінен сыртқы жеткізушілерге қа- рағанда жергілікті өндірушілер шашақты зығыр, рапс және т.б. аз тасымалданатын майлы дақылдарды өндіру ісінде бәсекелестікке ие болып табылады. Қазақстандықтар барлық өсімдік майының ішінен күнбағыс майын артық көреді, 95,4% тұтынушылар күнбағыс майын сатып алады. Отандастарымыз зәйтүн майы мен соя майын аз пайдаланады. Бұл майдың түрлерін тұтынушылардың саны өте аз, шамамен 1-5%. жүктеу/скачать 11,69 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |