|
|
бет | 92/200 | Дата | 18.10.2023 | өлшемі | 11,69 Mb. | | #118608 | түрі | Бағдарламасы |
| Байланысты: кітап бизнес бастау 22-23 ж
Жылыжайға субстрат дайындалады.
Күзде егілген қияр, қызанақ, шалғам дақылдарына күтіп-баптау жалғасады.
Ақжелкен тұқымын егіледі.
Жылыжайдың бос бөліктеріндегі өсімдік қалдықтарын, топырақты тазалайды.
Жылыжайда жөндеу жұмыстары басталады.
Жылыжай, құрал-саймандар зарарсыздандырылады.
Ашық топырақта кеш пісетін қырыққабатты күтіп-баптау жұмыстары жалға- сады.
Дақылдарды жинап алғаннан кейін өнімдерді құрғатып, сұрыптап қоймаға сақтауға қояды.
Қияр мен қызанақ өнімдерін жинау жалғасады. Көкөністерді қысқа сақтау үшін консервілейді.
Қазанда
Жылыжайға топырақ қоспасы дайындалады.
Күзгі-қысқы айналымнан қалған қияр мен қызанақ өсіруді жалғастырады.
Парниктегі дақылдарды жинау аяқталады.
Ашық топырақта жиын-терім жұмыстары аяқталады.
Ақжелкекті қазып алады.
Жүйектерді көмеді.
Ақжелкен өсіп тұрған жүйектерді топырақпен көмеді немесе оларды құмы- раға отырғызады.
Босаған жүйектерді өсімдік қалдықтарынан тазартады.
Тіреуіштер мен қадаларды тазалап жуады.
Көкөніс өнімдерін сақтауға қояды.
Қырыққабатты тұздап басады, қызанақты тұздап маринадтайды. Сәбіз, ақжелкен, қызылша, аскөкті қысқы егіске егеді.
Қарашада
Жабық топырақта күзгі-қысқы дақыл өсіру жұмыстарын аяқтайды.
Жылыжайды тазалап зарарсыздандырады.
Ақжелкен жапырақтарының алғашқы өнімі кесіледі.
Ашық топырақтағы көпжылдық дақылдарды суықтан қорғау шаралары жа- салады.
Қыстық көкөніс дақылдарын егу жұмыстары жалғастырылады.
Парниктегі құрал-саймандарды, рамаларды жинап, жабық жайға қояды.
Жергілікті (табиғи) тыңайтқыштарды жинау басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|