Оңтүстік қазақ меринос қойы
Оңтүстік- қазақ меринос қойы биязы жүнді және етті болып келеді. Жергілікті қазақы қылшық жүнді саулықтарды кавказдық, ставропольдық, грозныйлық, ав- стралиялық биязы жүнді қошқарларымен шағылыстырылып шығарылған. Сүйе- гі мықты. Бұл қой тұқымының жүні біркелкі, оңтүстік өңірінің шөл және шөлейт аймақтарының континентальды климатына төзімді. Саулықтардан – 3,5-4,0 кг, қо- шқарлардан – 8-12 кг жүн қырқылады. Таза жүннің шығымдылығы 45-53%; сау- лықтардың тірі салмағы 50-55 кг, қошқарлардікі – 100-110 кг. Қошқарлары мүй- ізді, саулықтары мүйізсіз келеді.
Қазақтың архар-меринос қойы
Қазақтың арқар-мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1934-50 жылы биязы жүнді жаңакавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқар- мен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығын- да алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге мол мүмкіндік берді. Кейінірек жүн сапасын одан әрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне кіріспе будандастыру жолымен Австралия мери- ностарының қаны құйылды.
Қошқарлар мен саулықтардың тірідей салмақтары 90-110 кг және 55-65 кг, таза жүн түсімі 5,0-6,0 кг және 2,5-3,0 кг-ға жетеді. Жүнінің жіңішкелігі қошқар- ларында – 60-64, саулықтарында – 64-70 сапалы, ұзындығы 8,0-10 см. 100 сау- лықтан 120-130 қозы алынады.
Цигай қошқарларының тірі салмағы 80-100 кг-ге дейін жетсе, саулықтарының салмағы 45-50 кг болады. Салыстырмалы түрде цигай қойлары тез көбейеді, 100 саулыққа 115-140 қозыдан келеді. Саулықтарды қозысынан бөлгеннен кейін сүт- тің өнімділігі шамамен 45-50 кг құрап, 4 ай сауғанда 7,5-7,8% майлылықта 100 литрден астам сүт береді. 4-4,5 айлық қозылары 28-30 кг салмақ тартады, сойыс шығымы кемінде 52-55% болады.
Қазақтың биязы жүнді қойы
Қазақтың биязы жүнді қойы – ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 1931-46 жылдары қазақтың жергілікті құйрықты саулықтарын прекос және «Аме-
рика рамбульесі» қошқарларымен зауыттық жолмен будандастырылып алынған. Кейіннен жүн сапасын жақсарту мақсатында Аскания, Алтай, Грозный, Австралия мериностары және полварс тұқымдарының қошқарларымен будандастырылып, ет- ті-жүнді бағыттағы алынған бұл қой тұқымы Қазақстанның оңтүстік шығысындағы таулы және шөлейтті аймақтардың жайылым жағдайларына жақсы бейімделген.
Қошқарларының тірідей салмағы 94-96 кг, саулықтарынікі – 55-58 кг, 1,5 жасар тоқты 43-48 кг болады. Олардан жумай, 7-9 кг; 4-4,5 кг; 3,6-4 кг, ал жуып, 4,3-5,3;
2,3-2,6; 1,9-2,3 кг жүн қырқылады. Жүні қошқарларында 58-60, саулықтарында 60-64 сапаға жатады, оның ұзындығы қошқарларында – 12-14 см, саулықтарында
– 10-12 см болады. 100 саулықтан 130-150 қозы алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |