Адай жылқысы – Қазақстанның батыс облыстарында өсіріледі. Таза қанды ағылшын, желісті Орлов жылқысы және Дон жылқысының қаны араласқан. Үй- ірімен жүреді, ыстыққа төзімді. Биіктігі 140 см-ге дейін жетеді. Мініске шыдамды, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқы- ларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат – жүрдектігі жағынан Түркімен жылқысы
– Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жа- зы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омырауы кең, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биіктігі – 140,3 см, тұрқы – 142,7 см, кеуде орамы 163,3 см, жіліншіктің орамы 17,6 см. Еті жоғары сапалы, ет түсімі – 52-58%. Тәулігіне орта есеппен 8-11 л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40-50 км-ге шаршамай еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі.
Жабы жылқысы
Жабы — байырғы қазақ жылқысының бір түрі. Үйірімен жүреді. Қазақстанның оңтүстік батыс және оңтүстік шығысында өсіріледі. Денесі ірі, басы үлкен, мойны қысқа, омырауы кең, кеудесі кең, жоны жалпақ сауырлы, құйрық-жалы қалың әрі ұзын, денесі тығыз, етті болады. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Әдетте, торы және жирен түсті, сұр көк болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Жайылымда жүргеннің өзінде әр биеден тәулігіне 11-15 л сүт саууға болады. Жайылымда семірген жабыдан 230-250 кг таза ет түседі. Айғырының шоқтығы- на дейінгі биіктігі 144,8 см; тұрқы – 150,8 см, кеуде орамы – 179,1 см; жіліншік орамы 19 см; жайып семірткендегі орташа салмағы 470 кг. Жабы Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында етті үшін өсіріледі.
ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАЛҒАН ҚОЙ ТҰҚЫМЫ
Солтүстік қазақ меринос қойы
Солтүстік қазақ мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1976 ж. жаңа кавказ және мазаев биязы жүнді қой тұқымдары саулықтарының қазақтың құйрықты қой- ларымен будандастырып, Америка рамбульесі, Алтай, Аскания, Кавказ қошқарла- рымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Қойдың жүн өнімділігі мен са- пасын жақсарту мақсатында Австралия мериностарымен будандастыру жұмыстары жүргізілді. Қойлардың дене бітімі берік, ірі, Қазақстанның солтүстік шығысының табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Қошқарлары 100-110 кг, саулықтары 60-65 кг салмақ тартады. Қошқарларынан 12-15 кг, саулығынан 5,5-6,5 кг бия- зы жүн қырқылады, орта есеппен ұзындығы 9,0-11,0 см, жіңішкелігі 60-64 сапаға (20,6-25,0 мкм) тең. Жүнінің біркелкілігі, иректілігі, шайыр сапасы мен мөлшері меринос жүнге қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |