Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіп- керлік кодексімен реттеледі. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар (129-бап)
Кәсіпкерлік кодекспен мыналар белгіленеді:
бақылау және қадағалау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді жүргізу тәртібі;
тексерулерді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының өзара әрекеттесу тәртібі;
бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің құқықта- ры және міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар;
тексерулерді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының құқықтары және міндеттері.
Тексеру түрлері (144-бап)
Тексерудің мынандай түрлері бар:
тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетінтексерулер;
жоспардан тыс тексерулер.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлға- лардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141- бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған мемлекеттік бақылау және қа- дағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қа- дағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын тексеру ерекше тәртіпбойыншажүргізілетінтексеруболып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлға- лардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді таға- йындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардантыстексеруболып табылады.
Тексерулер көлемі бойынша мыналарға бөлінеді:
кешенді;
тақырыптық.
Кешенді тексеру тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін Кәсіпкерлік Ко- декстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнама- сымен белгіленген талаптары сақталуының кешенді мәселелері бойынша тексеру болып табылады.
Тақырыптық тексеру тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін Кәсіпкерлік Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңна-
масымен белгіленген талаптары сақталуының жекелеген мәселелері бойынша тек- серу болып табылады.