Ашық деректер– бұл алаңда мемлекеттік органдардың және машинамен оқы- латын түрдегі ақпараттың басқа да иелерінің жалпыға қолжетімді деректері орна- ласады.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер(НҚА) – әзірленетін заң жобаларын, мем- лекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын талқылауға арналған бірыңғай алаң.
Ашық бюджеттер– бірінші кезекте мемлекеттегі «бюджет» ұғымы туралы азаматтардың түсінігін жеңілдету үшін және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позициясын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған портал.
Ашық диалог– мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байла- нысты орнатуға арналған алаң.
Сұрау салуға қол қоюдың екі жолы бар.
SMS-код арқылы – өтінімді жібергенде, сіз электрондық үкімет порталында тіркелген телефон нөміріне SMS-хабарлама ретінде жіберілетін кодты толтыру арқылы өтінімнің сізге тиесілі екендігін растауыңыз керек (SMS-хабарлама алу тегін).
Келесі мүмкіндіктермен авторизациядан өтіп, жүйеге кіру керек:
SMS арқылы кіру – біржолғы парольмен. ЖСН, ұялы телефон нөмірі көр- сетіледі және SMS-хабарламамен алынған растау коды толтырылады.
ЭЦҚ бойынша кіру. Алынбалы тасымалдағышта немесе дербес компьютер- де ЭЦҚ орналастыру жолын көрсете отырып сертификат таңдалады немесе жеке куәлік көрсетілген (кілттің орналасқан жеріне байланысты) көрсете отырып таңда- лады. Авторландыру «AUTH ***» ашық кілтімен жасалады.
Логин/пароль арқылы кіру. Электрондық үкімет порталында қолданыстағы тіркеуден өткен кезде, алдын ала белгіленген логин мен пароль арқылы кіру мүм- кін. Қызметтерді алу үшін ЭЦҚ немесе SMS арқылы авторизация қажет.