Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет44/72
Дата27.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#128901
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû Á³ë³ì àëóøû?à àðíàë?àí ï?í áîéûíøà î?ó áà?äàðëàìàñû

Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақтардың эпикалық мәдениеті.
2. Ұлттық музей-қорық жобалары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі

  1. Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.

  2. Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы, 2016.

10 лекция. XVIII ғ. ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті


10.1.Қазақ ағартушылы-ғы феномені (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин)
10.2.Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені
10.3. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рысқұлов және т.б.
Қазақстанның Ресей құрамына енуі туралы мынадай жалпы бір схема (кесте) көп жылдар бойы “ақиқаттың бірден-бір көрінісі” деп есептелініп келді:
Қазақстан Ресейге қосылмаса, жоңғар шапқыншылығынан халық ретіне құрып кететін еді (алайда, XVІІІғ-дың ортасында Абылай хан мемлекеті жоңғарларды түпкілікті жеңген).
Қазақ халқы Ресей арқылы Еуропаның озық мәдениетімен танысты (бұл Америкадағы үндістердің “танысуына” тыс ұқсас).
Ресейге қосылу нәтижесінде Қазақстанда феодализм шайқалып, озық капиталистік өндіріс тәсілі ене бастады (бай мәдени мұрасы бар үнді елінің ағылшын отарына айналғандағы “жетістіктері сияқты”).
Дегенмен де орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннің, В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т.б. есімдерді атап өтуге болады.
Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саясатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған
Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихын­да қазақтың тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерт­теуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда Қырғыз елінің. тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының. тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ал орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық, мүшесі болып сайланды.
Қазақстанда XІX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог, этнограф, ғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің ecімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп-биін жасады. Осы әліп-би бойынша жургізілген сабақтар ол ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ал қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағpафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың медениет, білімге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ал орыстың ғылыми-жағрафиялы қоғамының мүшесі болды.
XІX ғасырдың екінші жартысында өміp сүріп өздерінің халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесіп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, олардан кейін іле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Шөже, Кемпірбай қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т.б өлең-жырлары өздерінің терең мазмұнымен жұртшылықты тәнті eтті. Айтысқа түсіп жүлде алып, өлеңдері жұрттың есінде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келіншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат; Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады.
Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Біржан сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра бүгінгі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай Құнанбаев. XІX ғасырдың екінші жартысында өміp сүрген ол өлеңдер, дастандар, қара сөзбен жазылған хикаялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Оларға жат қулық-сұмдыкты, залымдықты шенеді. Ол туралы қазақтың аса көpнекті ойшыл жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп сезіледі, ол леп кешегі өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні.
2.Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты. Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары шығарм. әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.
20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.

  1. XІX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көзге түскен, әміршіл-әкімшіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/, Мағжан Жұмабаев /1893-1938/, Жүсіпбек Аймауытов /1889-1931/, Міржақып Дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар туралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы "Жалын" баспасы шығарған "Бес арыс" жинағын атауға болады. Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің тәуелсіздігі, қазақ халқының бақыты үшін үлкен соқпақты жолдан өтіп, қазақтың тіл білімін дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың "қырық мысалы" қазақ тілінде шықты. "Маса" деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ол "Алаш" партиясын ұйымдастырушылардың бірі. Ол өнерлі адам болған, шығарған әндері де сақталrан. Оның еңбектерінің дені тілге байланысты, сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тіл институтына Ахмет Байтұрсынов ecімі берілген.

Қазақтың Пушкині аталған Мағжан Жұмабаев сыршыл ақын болған. Мухтар Әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейді. Ол қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі аса биік тұлғалардың бірі. Сондай іpі тұлғалардың қатарына Жүсіпбек Аймауытовты да жатқызуға болады. Іpі драматург, қара сөзбен жазғандары, өлеңдері көп бұл әдебиетшіні де халық қатты қастерлеп сүйіп оқыған.

11 лекция. ХХ ғ. қазақ мәдениеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет