Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселесі 13.2



бет47/72
Дата27.11.2023
өлшемі3,73 Mb.
#128901
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû Á³ë³ì àëóøû?à àðíàë?àí ï?í áîéûíøà î?ó áà?äàðëàìàñû

13.1.Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселесі
13.2.Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі
13.3.Қазақстан қоғамы-ның жаңғыруы мен жаһандану жағдайында-ғы қазақтардың мәдени, этникалық (ұлттық), діни бірегейлігінің сақталу мәселесі
Бүгінгі күрделенген дүниенің жаһандану үдерісі кезеңінде ұлттық бірегейлікті сақтап қалу ең негізгі мәселенің бірі болып отыр. Бұл тек қазіргі саясаттанушылардың ғана көтеріп жатқан мәселесі емес, әсіресе, мәдениеттанушылардың, философияның, сондай-ақ мемлекеттік білім берудің де көкейкесті мәселесіне айналды. Қоғамдағы өзгерістер адамзаттық құнды­лықтарды қайта қарастыруды қажет етуімен ерекшеленеді. Бүгінгі күнгі ашық қоғам мен экономика, мәдениеттер интеграциясы және т.б. идеялар негізгі мәселелер болып отыр. Осы тұста, жаһандану дегеніміз не және оның тигі­зер пайдасы мен қаупі қаншалықты деген сауал туады. Бұл сауалға ғылымның барлық салалары әртүрлі жауап беруде. Соңғы кездері байқағанымыз, жаһандану үдерісі мәдениетімізге неғұрлым енген сайын, ұлттық бірегейлікті сақтап қалуға деген белсенділік соғұрлым арта түсуде. Бұл жағдайда ұлттық бірегейлікті сақтап қалуды халықтың ішкі өмір сүру компоненттерін қорғаудан басталады: мәдениет, тіл, дін және т.б. Жаһандану мәселе етіліп көтерілген сайын, ұлттық өнерге, мәдениетке, тілге, дінге аса ден қою күшейіп келеді. Мәдениеттің тамырын ұлттық құндылықтармен байланыстырып, олардың шығу тегін зерттеуге деген қызығушылық өсуде. Олай болса, ұлттық бірегейлікті сақтап қалудың ең ұтымды жолы – жас ұрпақтың бойында ұлттық руханилықты дамыту бағытында тәрбие мен білім беру. Осы мәселелермен тәрбие мен білім берудің барлық салалары белсенді жұмыс жүргізуде. «Әлемге деген постмодернистік көзқарас белгілі бір «центризмдерді» орнату мен бекіту емес, өйткені, еуропалық әлемнің болмыстың стратегиясының мұндай құрылымдарының жарамсыздығына көзі жетті. Постмодерн тұрақсыздық, өзгермелілік, ағымдылық мойындалатын әлем үлгілерінің өміріндегі эклектизмді көбірек насихаттайды. Тұрақсыз процестерді сипаттауға көшу – постмодернизм ғылымына тән қасиет, ал, әлемді хаос ретінде, мәтін ретін­де философиялық пайымдау – постмодерн жағ­дайындағы философиялық дүниетанымның жаңа бағдары» – дей келе, Т. Ғабитов, әрқашанда құрылымның түпнегізге бағыныштылығын қамта­масыз ететін центризмге этноцентризмді де жатқы­зады». Жаһандану мәдениеттің моделі бойынша әлемде мәдениеттердің көптүрлілігін жоққа шығармайды, өзінің ұлттық және индивидтік бірегейлігінен қашу­ды талап етпейді. Ол барлық мәдениетке ортақ, біркелкілікке өтуді өзінің мақсаты санамай, керісінше осы кезге дейін болған немесе қазіргі кездері жасалып жатқан мәдени құндылықтар мен үлгілерді бүкіл әлемге тарқататын ақпараттық технологияларды құру. Демек, мәдениеттің интегративті қызметі, басқа мәдениеттермен байланыс жасайтын құралы. Мәдениетті өзімен және өзгемен байланыстыратын – дәстүр. Дәстүр бір мәдениетке жататын адамдарды қарым-қатынаста байланыстырады. Адам туылғаннан белгілі бір мәдени ортаға тап болады, оны меңгереді, осылай ол ажырамайтын, өзінің табиғатына ұқсас болып кетеді. Бір мәдениеттегі адамдар басқа мәдени дәстүрдің адамдарына қарағанда бірін-бірі жақсы түсінеді. Динамикалы дамып жатқан қоғамда дәстүр сақталады, олай болмағанда ешқандай қоғам дәстүрсіз өмір сүре алмас еді, бірақ, оның мазмұны өзгеріп, кейбір шектеулердің қызметі әлсірей түсуі мүмкін. Қоғамда бірінші планға шығатын идеал мен құндылықтар және мәдениеттің нормаларының қызметі мен механизмдері әртүрлі. Саналы қабылданатын идеал мен құндылықтардың дәстүрден айырмашылығы – олар шектелмейді, қандай да бір әрекетті қалауымен алуға ерік береді. Демек, олар қоғамның динамикалы да­муына және адамның еркін дамуына әсер етеді.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау — стратегиялық маңызы бар мемлекеттік мәселе. Ұлттық дәстүр, әдеби және мәдени құндылықтар, тарихи тәжірибе — ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп бастамашы болған «Мәдени мұра» бағдарламасы қазіргі кезде көпшілік қауымның қолдауына ие болып отыр. Елбасы жалпы ұлтық деңгейде бағдарлама жасау туралы 2003 жылдың сәуірінде өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бастама ретінде көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын.
14 лекция. Қазақстанның мәдени саясаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет