Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;
а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) –12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
|
2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) –
24 сағат.
|
Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі.
|
Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
оқуәрекетінеқызығушылығынояту;
|
дыбыспен жаттығу: сөзге дыбыстық талдау жасау, сөзді созып айту арқылы неше буын бар екенін анықтау, сөздерді буынға бөлуге дағдыландыру,сөз ішіндегі және екі, үш буынды сөз ішіндегі дыбыстарды айыру, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, дыбыстарды, буындарды қосып, сөз айтуға дағдыландыру;
|
сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
|
жазуға даярлау (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба сызу, әріп элементтерін жазу);
|
сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру
|
қабылдау, елестету, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, зейінін тұрақтандыру;
|
|
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.
|
Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттерін айқындауда А. Байтұрсынұлының шағын сөзді әдісі, дыбыспен жаттығу әдісі негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |