"Математика" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) "Сандар мен шамалар": натурал сандар және 0 саны, тура, кері және реттік санау, сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандар құрамы, разрядтық құрамы, разрядтық қосылғыштар, ондықтар, сандарды топтап санау, сандармен амалдар орындау, сандарды қосу мен азайту, қосу мен азайту өзара кері амалдар, қосудың ауыстырымдылық қасиеті, 1 мен 0-дің қасиеті, сандардың қосу кестесі, шамалар және олардың өлшем бірліктері, ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамалары, шамаларды өлшеу, салыстыру, түрлендіру, циферблат бойынша уақытты анықтау, тиындармен әрекеттер;
2) "Алгебра элементтері": сандық және әріптік өрнектер, сандық және әріптік өрнектерді құрастыру, жазу және оқу, әріптік өрнектің мәні, теңдік құру үшін әріптік өрнектер түрінде қолдану, өрнектерді салыстыру, теңдіктер мен теңсіздіктер, теңдеулер, тура және тура емес теңдіктер, теңдеулерді шешу;
3) "Геометрия элементтері": геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі, нүкте, түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, жазық және кеңістік фигуралар, геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру, геометриялық фигураларды кескіндеу және салу, түзу, қисық сызық, сынық сызық, кесінді, геометриялық фигуралардан құралған композициялар, нысандардың орналасуы және бағыты, нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты, нүктелердің сан сәулесінде орналасуы;
4) "Жиындар. Логика элементтері": жиындар және оларға амалдар қолдану, жиындар, жиындардың жіктелуі, жиындарды салыстыру, тең жиындар, бос жиын, пікірлер, ақиқат немесе жалған тұжырымдар, ребустар, логикалық есептер, тізбектер, сандар мен амалдар тізбегі, заттар комбинациялары, "екі-екіден" заттар комбинациялары;
5) "Математикалық моделдеу": есептер және математикалық модель, есептерді кесте, сызба, қысқа жазба түрінде моделдеу, ұғымдар, терминдар, есептерді талдау және шығару, кері есептер, есептерді шығару тәсілдері, математикалық тіл, сандарды бейнелеу, "+", "-", "≠", "=", ">", "<" белгілері, сан сәулесі, қосу және азайту амалдарының компоненттері, деректерді жинақтау, жүйелеу, кестелер, пиктограммалар, диаграммалар.
Достарыңызбен бөлісу: |