Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»


Қарынның  созылмалы  кебуі (Tympania  ruminis  chronica)  -



Pdf көрінісі
бет118/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   171
Байланысты:
umkd 2218 veterinariyadag adistemelik 2021-2022 (1) (1)

Қарынның  созылмалы  кебуі (Tympania  ruminis  chronica)  -  мес  қарынның 
қимыл  қызметтерінің  тҧрақты  бҧзылып  оны,  жиналған  газдар  кернеуімен 
сипатталынатын дерт, ірі қара малда жиі, ҧсақ малда сиректеу кездеседі. 
Себептері.  Тимпанияның  созылмалы  тҥрі,  әдетте  туындаған  ауру  ретінде, 
қарындардың  қимылдар қызметтері бҧзылғанда (гипотония, атония, мес қарынның 
азыққа  шектен  тыс  толуы,  жарақатты  ретикулит,  қатпаршақ  қарынның  ластануы) 
пайда болады; ҧлтабардың, ішектердің, бауырдың аурулары, жергіліктенген, әсіресе 
бітісіп  ӛсіп  кеткен  (адгезивный)  перитонит  рефлекторлы  тҥрде  қарындар 
қимылдарын  бәсеңдетеді.  Кекірінуді  қиындататын  ӛңеш  аурулары  әрдайым 
туындаған  тимпанияны  тудырады.  Қой  мен  ешкілерде  аурудың  бҧл  тҥрі  фито-
пилобезоардың  пилорусты  не  он  екі  елі  ішекті  толық  не  жартылай  бітеулерінен 
пайда болады. 
Әлсіреген  бҧзауларда  мес  қарынның  созылмалы  кебуі,  кӛбінесе  сҥтпен 
қоректенуден ӛсімдікті азықтарға кӛшіргенде пайда болады. Тимпанияның бҧл тҥрі, 
кӛбінесе  жас  шағында  қатты  ауырған  немесе  сапасыз  пішенмен  азықтанған  және 
минералды  заттар  мен  витаминдер  жетіспеулерін  сезінген  бҧзауларда  жиі 
байқалынады. 
Дамуы.  Ауырған  жерден  (тақия,  қатпаршақ  қарындар,  ҧлтабар,  ішектер, 
бауыр,  іш  қуысының  және  басқа  да  жҥйелердің  ағзалары)  шыққан  рефлекторлы 
импульстар мес қарынның қимылын бәсеңдетеді, сол себепті азық жыны әдеттегіден 
кӛп мезгіл жатып қалады да ашу, әсіресе шіру процестері кҥшейіп газдар және улы 
заттардың қҧралулары тездетіледі. Азықтанудың кӛп мезгіл бойы бҧзылуы, дененің 
уыттануы, біраз ағзалардың қызметтеріне нҧқсан келтіріп малды арықтатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет